Қазақстандағы бірінші жасанды жүрек имплантациясының нәтижелерін Астанада қорытындады

Қазақстандағы бірінші жасанды жүрек имплантациясының нәтижелерін Астанада қорытындады

Ағымдағы жылдың 18-19 қыркүйегінде аралығында. Астанада кардиология және кардиохирургия саласындағы ең соңғы ғылыми жобалар мен жасанды жүректі құрудағы инновациялық әзірлемелер бойынша симпозиум өтті.

"Understanding of heart failure" симпозиумына жақын және алыс шет елдерден 250-ге жуық жетекші халықаралық кардиохирург, ғалымдар мен мамандар қатысты.

Сарапшылар заманауи жүрек-қантамырлық хирургияның өзекті мәселелерімен және әлемдегі созылмалы жүрек жетіспеушілігі саласындағы қазіргі жағдаймен пікір алмасты.

Өз сөзінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя заманауи әлемдік медицинада серпіліс алған CARMAT толық жасанды жүрегін имплантациялау тәжірибесімен бөлісті.

Симпозиумның екінші күнінде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында операциялық залдан тікелей эфирге шығатын шетелдік мамандар үшін HeartMate III жасанды жүрек имплантациясының мастер-класы өтті.

HeartMate III жаңа имплантацияланған сорғы науқастың сол жақтағы зақымдалған қарыншасының ауыртпалығын өзіне  алды.

Мастер-класс қатысушылары он-лайн режимінде қосалқы құрылғыны имплантациялаумен танысып қана қоймай, сонымен қатар Орталықтың симуляциялық зертханасында жаңа білімдерді тәжірибеде жинақтауға мүмкіндік алды.

Анықтама үшін:

CARMAT SA - Еуропалық Airbus SE аэроғарыштық және әуе қорғаныс концернімен ынтымақтастықта  толығымен жасанды жүректі  өңдейтін француздық компаниясы. Жасанды орган терминал сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қарыншалардың екеуіне де қолдау ретінде қолдануға арналған. Компанияның қызметі жүрек ауруларына байланысты проблемаларды шешуге бағытталған, бұл әлемде өткір және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде өлімнің негізгі себебі болып табылады. CARMAT жасанды жүрегін дамыту жүрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен жүрек трансплантациясын күтетін кардиологиялық пациенттердің санын азайтуға бағытталған.

"Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ қазіргі заманғы кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіретін Орталық Азия өңіріндегі жетекші медициналық мекеме болып табылады.

Қазіргі уақытта Орталық HeartMate III клиникалық тәжірибесін енгізу бойынша халықаралық зерттеуге кіретін әлемдік клиникалардың бірі болып табылады. Орталықтың базасында осы құрылғыны имплантациялау бойынша тренинг-шеберлік кластары жүрек жеткіліксіздігі мен жүректі трансплантациялаумен айналысатын мамандар үшін жүргізіледі.