Мемлекет басшысы Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы заңға қол қойды

18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында "Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Келісім Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын азаматтарға Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, осы Келісім Қазақстанның Байқоңыр қаласында тұрып жатқан азаматтарына жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құқықтық негіз жасайды.

Анықтама: 2016 жылғы 12 тамыздан бастап Байқоңыр қаласында бұрынғы Перзентхана базасында құрылған Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық медициналық орталығының» филиалы пайдалануға енгізілді. Сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Байқоңыр қаласында 30 мыңға дейін адамға қызмет көрсетуді көздейтін емхана ашылды.   Қазіргі кезде 19 мыңнан аса адам бекітілген. 11 ЖПД учаскесі ашылды, ол дәрігерлер мен және орта буын мамандарымен толықтай жасақталған.