
2018 жылғы 14 қыркүйекте Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресуге арналған Жаһандық қордың «АИТВ» компоненті жөніндегі грантын жүзеге асыру аясында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламаларын жақсарту үшін салааралық байланыстар мен бақылауларды құру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - әлеуметтік келісімшарттар механизмін енгізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі салааралық өзара іс-әрекет жөніндегі негіздерді құру болып табылады.
Қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-әрекетінің мәселелерін, ҚР-ғы АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы ҮЕҰ рөлін, ЖИТС індетін қадағалау жөніндегі іс-шаралардағы инвестицияларды оңтайландыру, сондай-ақ, Қарағанды облысындағы тұрғындардың түйінді топтары арасындағы үкіметтік емес ұйымдардың профилактикалық қызметтерді жүзеге асыруы талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекет механизмін күшейту және жетілдіру.
Дөңгелек үстел қатысушылары арасында: «Нұр Отан» Қарағанды облыстық бөлімшесінің бірінші орынбасары, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің, Облыстың денсаулық сақтау және жастар ісі жөніндегі басқармасының, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Жиналғандар АИТВ-ға қарсы тұрақты ұлттық шараларды қамтамасыз ету үшін дөңгелек үстел ұсынымдарына ұсыныстар енгізді.
Елдегі АИТВ-инфекциясы жөніндегі жағдай бірқалыпты екендігін атап өту керек. АИТВ-инфекциясы бойынша түйінді көрсеткіш болып 15-49 жас тобындағы таралушылық табылады. БЭФ БЖИ рейтингісінде «15-49 жастағы тұрғындар арасындағы АИТВ-инфекциясының таралушылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан таралушылығы төмен бірінші орынды алатын елдер тобында тұр (көрсеткіш - 0,2%).