Денсаулық сақтау министрлігінде инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша мәселелер талқыланды

Денсаулық сақтау министрлігінде инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша мәселелер талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Алексей Цойдың төрағалығымен Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша республикалық штабтың кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар қызылша, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды және Қазақстан Республикасының халқы арасында олардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жөніндегі мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайдың тұрақты екенін атап өту қажет. 2018 жылғы 8 айда профилактикалық егулерден бас тарту себебінен қызылшаның 2 жағдайы тіркелді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты 2018 жылдың басынан бері республиканың эндемиялық өңірлерінде 14 жағдай тіркелді: Жамбыл облысында – 7 жағдай, Түркістан облысында– 4 жағдай, Қызылорда облысында – 3 жағдай. Оның ішінде осы өңірлердің әрқайсысында өліммен аяқталған 1 жағдайдан тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, өлім жағдайлары пациенттердің дәрігерге уақтылы жүгінбеуі себебінен болады.

Кеңестің қорытындылары бойынша инфекциялық аурулардың алдын алу және оларды болдырмау бойынша одан арғы шараларды қабылдау бойынша тапсырмалар және ұсынымдар берілді.