ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілерді және медициналық құралдарды жылжыту бойынша әдеп нормаларын енгізіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілерді және медициналық құралдарды жылжыту бойынша әдеп нормаларын енгізіп жатыр

Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен  дәрілік заттар айналымы саласындағы сыбайлас жемқорлықты және нарықта дәрілер мен медициналық құралдарды жылжытуды жою бойынша жұмыс басталды.

Атап айтқанда,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Заң жобасын әзірледі, бұнда нарықта дәрі-дәрмекті жылжыту нормаларын сақтамағаны және әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Осы мақсатта әзірленген Әдеп ережелерінде фармкомпаниялар өкілдерінің дәрілік заттарды жарнамалау үшін емхана мен ауруханаға жұмыс уақытында баруына тыйым салу қарастырылған.

Сондай-ақ, жаңа талапта фармкомпаниялар тарапынан медицина қызметкерлерін спонсорлау, бонустар беру, конференцияға барып келу шығындарын төлеу мүмкіндігін болдырмау қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда медицина қызметкерлеріне дәрі-дәрмектерді жарнамалауға тыйым салынады.

Бұған қоса, осы орайда  барлық дәрі-дәрмектердің  бағаларын реттеуді   2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап енгізу пәрменді шараларының бірі болады.

Қазіргі уақытта аталған заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр,  жақын арада ҚР Парламенті Сенатының күн тәртібіне екінші оқылымға шығарылатын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Заңға қол қою жоспарланып отыр.