
Заңнамаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағаларын реттеу мәселелері бойынша жоспарланып отырған өзгерістер бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды.
Баға белгілеу және бағаны реттеу бойынша норманың бүкіл фармацевтикалық жұртшылықты қозайтындықтан жоспарланып отырған өзгерістерді барлық мүдделі тараптар талқылады. Дөңгелек үстелге Индустрия және даму минситрлігінің, ҚР ДСМ Фармация комитетінің, Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығының, Республикалық денсаулық дамыту орталығының, «СК-Фармация» ЖШС, «Атамекен» ҰКП мен бейіндік қауымдастықтардың, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілердің, фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторларының және басқа жұртшылық өкілдері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Алексей Цой дәрі-дәрмектердің бағасын реттеудің уақыт талабы екенін атап өтті. «дәрі-дәрмектің бағаларын реттеу мүмкіндігі дәрі-дәрмек препараттары сияқты әлеуметтік маңызы бар тауардағы алып-сатарлыққа жол бермеуге мүмкіндік береді».
Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмек препараттары мен медициналық бұйымдардың бағаларын реттеудің негізгі аспектілері мен перспективалары туралы Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының бірінші орынбасары Айнұр Нұртаева баяндап берді. Оның айтуынша, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін көздейді – өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу деңгейлері.
«Баға белгілеудегі қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, референттік елдердің тізімі олардың макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша Қазақстанмен салыстырмалылығын ескере отырып, қайта қаралды, себебі алдыңғы тізімге АҚШ, Ұлыбритания және басқалар сияқты Қазақстанмен салыстыруға келмейтін елдер кірген», - деп атап өтті Арнұр Нұртаев.
Ол сондай-ақ өндірушінің бағасын тіркеу референттік елдердің тұтынушылық орамының бағасы негізінде жүргізіледі деп түсіндірді. Сондай-ақ үстеме бағаның регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттелетін болады.
Талқылау барысында баға белгілеудің жаңа қағидалары шеңберінде дәрі-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдар бағасының негізділігіне экономикалық сараптама жүргізудің күшейтілетіні атап өтілді. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тіркелген және шекті бағаларының тізілімі әзірлеу барысында, соның арқасында фармацевтикалық өнімдердің бағалары туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.