ҚР ДСМ: алғашқы көмек ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буыны болады

ҚР ДСМ: алғашқы көмек ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буыны болады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) сапасын жақсарту бойынша шаралар туралы» тақырыбы бойынша баяндамамен сөз сөйледі»

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша МСАК жекелеген адамдардың, отбасылар мен қауымдастықтың ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен байланыста болуының бірінші деңгейі болып табылатынын және тиісінше МСАК адамдардың тұратын және жұмыс істейтін жеріне барынша жақын болуы тиіс екенін хабарлады.

Министр қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 524 МСАК қызметін жеткізушінің барын, олардың 29% жеке ұйымдар болып табылатынын атап өтті. МСАК ұйымдарында 10 216 учаске жұмыс істейді, олардың 60% астамы жалпы практика дәрігерлерінің учаскелері (6205), 20% педиатриялық учаске (2041), 18% терапевтикалық учаске (1880) болып табылады.

«МСАК 1 дәрігеріне бекітілген халық саны Қазақстанда 1950 аса адамды құрайды, бұл ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерінен 30% (1500 адам) жоғары. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бекітілген халық саны бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында МСАК ұйымдарында қосымша 1531 учаске ашу қажет. Бекітілген халық санының төмендеуі дәрігердің жүктемесін төмендетуге әкеп соғады, халықты профилактикалық қарап-тексерумен қамту жақсарады» - деп мәлімдеді Елжан Біртанов.

МСАК қаржыландыру бөлігінде: министр атап өткендей, 2010 дейін жергілікті бюджеттер арқылы жүзеге асырылған, соның шеңберінде өңірлерде әртүрлі жан басына шаққандағы нормативтер болған. Шығыстарды теңестіру үшін 2010 жылы Қазақстанда кешенді жан басына шаққандағы нормативтің бірыңғай жүйесі, сондай-ақ ынталандыру бөлігі енгізілді. 2016 жылдан бастап қаржыландыруды республикалық деңгейде шоғырландыру жүзеге асырылды, 2017 жылы мектеп медицинасына арналған шығыстар, 2018 жылы тәулік бойғы шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар қосылды, солардың есебімен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің орташа құны 1070 теңгені құрады.

Министрлік медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту бойынша шаралар кешенін ұсынады: «Бірінші – пациенттерді сапалы қарап-тексеру және емдеу және базалық консультативтік-диагностикалық қызметтерді алмастыру үшін МСАК дәрігерлері мен мейіргерлерінің құзыретін арттыру. Екінші – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және МӘМС жаңа моделін енгізу. Үшінші – МСАК бекітілген халықтың тұрғылықты жеріне барынша жақын орналасқан  шағын орталықтарын құру үшін МЖӘ жобаларын енгізу. Төртінші – жергілікті атқарушы органдардың жауаптылығын бекіту, оның шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде МСАК шағын орталықтарын құру міндеттемесі ұсынылады», - деп баяндады Министр.

Бұдан басқа, 2019 жылы жалпы практика дәрігерлерінің, бейінді мамандардың қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен арттыра отырып, еңбекке кесімді ақы төлеу енгізілетін, МСАК 1 дәрігеріне 1700 адамға дейін  учаскелерді одан әрі ірілендіру қамтамасыз етілетін.

2018 жылдан бастап біруақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізе, мемлекет міндеттерінің аражігін нақты ажырата отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі енгізіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) пакеті барлық халық үшін ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және МСАК, шұғыл дедициналық көмекті, клиникалық-диагностикалық қызметтерді, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, негізгі, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек көрсетуді қамтитын болады.

МӘМС пакеті ТМККК-дан тыс медициналық көмекті: жоспарлы стационарлық көмекті, қымбат тұратын диагностикалық қызметтерді және ТМККК пакетіне кірмеген аурулар бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қамтитын болады.

Елжан Біртанов сондай-ақ, МСАК қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында МСАК бекітлген халықтың тұрғылықты жеріне барынша жақын, оның ішінде бірінші қабаттағы тұрғын және офистік үй-жайларда орналасқан шағын орталықтарын құру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын енгізудің кеңейтілетінін атап өтті. «2020 жылға осы бағыт бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 60 жобасын іске асыру жоспарлануда. Астана қаласы әкімдігінің осы бағыт шеңберіндегі «Үйдің жанындағы дәрігер» жобасын іске асыру жөніндегі оң тәжірибесін атап өту қажет, ол тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында МСАК шағын орталықтарын ашу көзделеді. Қазіргі кезде Астана қаласында жобаның шеңберінде МСАК 3 орталығы жұмыс істейді», - деп сөзін жалғастырды Елжан Біртанов.

Сөзінің соңында Министр жалпы МСАК сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралардың:

  • МСАК ұйымдарындағы медициналық қызметтің қолжетімдігі мен сапасын арттыруға. 2019 жылы МСАК дәрігеріне көріну санының 30%-ға өсіруге;
  • Сапаны арттырудың экономикалық ынталандыру факторын құруға. 2020 жылға дәрігерлердің орташа жалақысының еліміз бойынша орташа жалақыға қатынасын 110% (қазір 85%) жеткізуге;
  • Кадрлармен жасақтауды қамтамасыз етуге, медицина қызметкерлерінің құзыреті мен уәждемесін арттыруға. МСАК 1 дәрігеріне бекітілген халықтың санын 2020 жылға 1700 дейін төмендетуге; 
  • Медициналық қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға. ТМККК жалпы көлемінде МСАК қаржыландыру үлесін 2021 жылға 50% дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.