
Алма-Ата декларациясының 40 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі, ДДҰ және ЮНИСЕФ алғашқы медициналық – санитарлық көмек (АМСК) бойынша жаhандық конференцияны ұйымдастыруды көздеп отыр. Ол 2018 жылдың қазан айының 25-26 жұлдыздарында Астана қаласында өтпек. Аталмыш Конференция АМСК – ң бастапқы принциптерін растауды және алғашқы медициналық-санитарлық көмек әмбебап денсаулық сақтауды қамтуға (UHC) және тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізудің негізі болуына бағытталған саяси міндеттемені жаңартуды мақсат етеді.
AA40 процестері мен өнімдері туралы ақпараттандыру мақсатында ДДҰ – ң әрбір аймақтық кеңсесі АМСК – ті саяси қолдаудың озық тәжірибесі мен мысалдарын сипаттайтын анықтамалық құжаттар топтамасын дайындап жатыр. Бұл кездесуде ДДҰ –ң Европа өңірлік бюросы арнайы жедел жұмыс топпен бірлесіп, науқастың қажеттіліктеріне бағдарланған АМСК – ға инвестицилаудың экономикалық тиімділігіне шолуды талқылады. Шамамен 30 сарапшылардан тұратын жедел жұмыс тобы халықаралық ұйымдар мен академиялық топтардың, жетекші мүше елдердің өкілдерін қамтиды. Бұл кездесуге ДСДРО - ң денсаулық сақтау экономикасы орталығының жетекшісі Темекова Зарина қатысты. Кездесу барысында сарапшылар алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру мен қолдаудың экономикалық артықшылықтарын бағалаудың әдіснамалық тәсілін әзірледі, сондай-ақ АА40 - ға арналған есепті құру жоспарын талқылады. Сонымен қатар жұмыс барысында келесі мәселелер қаралды:
- АМСК артықшылықтары мен пайдаларын сандық бағалау тәсілдері;
- денсаулық сақтау нәтижелерінің жақсаруынан түсетін макро-экономикалық пайда, денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігі, және денсаулық сақтау шығындарын азайту, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек пен осы үш факторлардың арасындағы байланысты көрсететін дәлелдемелерді анықтау;
- АМСК - ны қаржыландыру саласында әртүрлі елдердің тәжірибесінен алынған сабақтар және бенчмаркингтік жаттығулар жасау арқылы оның денсаулыққа әсер етуін талқылау;
- құндылықтарға негізделген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қалыптастырудағы кедергілер;
- алдағы 20 жылда «мінсіз АМСК үлгісі» критерийлері.
Аталған жұмыстың қорытындысы AA40 конференциясында ұсынылады.