Санавиация Чике-Таман асуында зардап шеккен қазақстандық азаматты Алматыға жеткізді

Санавиация Чике-Таман асуында зардап шеккен қазақстандық азаматты Алматыға жеткізді

2018 жылғы 23 тамызда 1943 жылы туылған Қазақстан азаматшасы Чике-Таман асуында жол-көлік оқиғасы салдарынан Таулы Алтай қаласы республикалық ауруханасының реанимация бөліміне шұғыл күйде жатқызылды.

Ресей мамандары тарапынан алынған қорытындыларға сәйкес зардап шегуші ауыр жарақат алған және медициналық қызметкерлердің алып жүруімен санитариялық авиакөлікпен тасымалдауға мұқтаж.

2018 жылы 30 тамызда 18 сағат 23 минутта ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің және ҚР сыртқы істер Министрлігінің жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде пациент санитариялық авиация күшімен отанында әрі қарай ем қабылдау үшін Алматы қаласы ДСБ «№4 Қалалық клиникалық ауруханасына» ШЖҚ МКК сәтті жеткізілді. Ұшу кезінде пациентті медициналық мамандар алып жүрді: ҚР санитариялық авиациясының ұтқыр бригадасы және Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-дәрігері. Науқастың жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта, Қазақстан азаматшасы Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.

2011 жылдан осы сәтке дейінгі кезеңде ҚР санитариялық авиациясымен Таяу және Алыс Шет елдерден барлығы 48 ҚР азаматы тасымалданды (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т. б.). Таяу және алыс шет елдерден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Орталық құрылғаннан бері санитариялық авиация қызметімен 15 мыңнан астам қазақстандықтарға көмек көрсетілді, оның ішінде: акушерлік патологиясы бар 2 537 әйелге, 2 460 жаңа туған нәрестеге, балалар жасындағы патологиясы бар 3 249 балаға, қан айналым жүйесінің ауруы бойынша 2 365 пациентке, 3 177 жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан зардап шеккендерге және өзге де аурулары бар 1 458 пациенттерге көмек көрсетілді.