
Қазақстанда 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда дизентерия ауруының саны 12 пайызға азайды.
2018 жылдың 7 айы ішінде дизентерия ауруының 180 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші - 1,0 (2017 жылдың 7 айында 202 жағдай, көрсеткіш- 1,14).
Дизентерия – бактериялық жіті ішек инфекциясы, оның қоздырғышы бактерия тектес шигелла (дизентерия таяқшасы) болып табылады. Дизентерияның қоздырғыштары ұзақ уақыт сыртқы ортада (бірнеше айға дейін) сақталуы мүмкін. Олар кейбір тағам өнімдерінде (сүт өнімдері, салаттар, винегреттер, асылған ет, тартылған ет, суға піскен балық, компот және кисель және т. б.) сақталып қана қоймай, сонымен қатар көбейеді.
Инфекцияның көзі дизентериямен ауыратын науқастар болып табылады (олардан нәжіспен бірге шигеллалар бөлінеді), сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар (дизентериямен ауырып жазылған науқастар және сауыққандай көрінетініне қарамастан микробтарды бөлуді жалғастырушылар). Барлық ішек инфекциялары сияқты дизентерия нәжістік-ауыз арқылы беріледі. Дизентерияның таралуына тамақтандыру және сумен жабдықтау жүйелері қызметкерлерінің дизентериямен ауыратын науқастары ерекше қауіп төндіреді. Олардан микробтар тамаққа немесе суға еніп жаппай аурулардың өршуін тудыруы мүмкін. Дизентерия көбінесе су және тамақ өнімдері арқылы беріледі.
Дизентерия инфекциясын тұрмыста жұқтыру үй тұрмысындағы заттар (ыдыс-аяқ, ажыратқыштар, есіктің тұтқалары) арқылы орын алады.
Дизентерия инфекциясының таралуында жеке бас гигиенасын сақтамау (лас қолдар) үлкен рөл атқарады.
Ауру жіті басталады (бірнеше сағат ішінде) және жалпы айқын интоксикация белгілері – дене қызуының көтерілуі (38-39 С), қалтырау сезімі, денесінің қызу сезімі болады. Сәл кейінірек іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тәулігіне 5 және одан да көп рет, көп жағдайда, қан және шырыш аралас нәжістің жиілеуі, жүректің айнуы, құсу, іштің кебуі пайда болады. Ауыр жағдайларда дизентерия ауруы өлімге әкелуі мүмкін.
Дизентерияның алдын алу мақсатында: бақша дақылдарын (қарбыз, қауын) кесілген түрінде сатып алмау; көкөністер мен жемістерді тамаққа пайдалану алдында ағынды судың ағынымен мұқият жуу, содан кейін қайнаған сумен шаю; тек қайнаған суды немесе бөтелкедегі суды ішу; бейберекет сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау; тез бұзылатын өнімдерді сатып алған кезінде жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарына назар аудару; жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және тоңазытқыштан тыс жерде сақталған азық-түлікті тамаққа қолданбау; жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтау, тамақ дайындар алдында, қоғамдық орындарға барағаннан кейін қол жуу керек; түсуге рұқсат етімеген су қоймаларында шомылуға, сүңгу кезінде су жұтуға болмайтыны ұсынылады.
Осы қарапайым кеңестерді орындасаңыз, Сіз өзіңізді, балаларыңызды және жақындарыңызды жіті ішек инфекциялары ауруының қаупінен сақтайсыз.