
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Министр Елжан Біртановтың атынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Алик Шпекбаевтың атынан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасында Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.
«2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жағымсыз фактілерінің төмендеу тенденциясы бар. Мәселен, 2017 жылы Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттерінің мемлекеттік қызметшілеріне әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 18 және мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені үшін 21 тәртіптік жаза қолданылды, ағымдағы жылдың 7 айында әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 4 және тәртіптік жаза мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені үшін 1 тәртіптік жаза бар»,- деп атап көрсетті өзінің баяндамасында Елжан Біртанов.
Бірлесіп жүргізілген алдын алу шараларының нысаналы кешенінің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жазалар динамикасында оң тенденция байқалатынын атап кету қажет.
Меморандумға қол қоюдың ерекше өзектілігі мен қажеттілігі жүргізіліп жатқан әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі реформаға, дәрілік заттарды сату кезінде бөлу және бағалық реттеу саласындағы реформаға да байланысты. Меморандумға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарындағы «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» төмендетуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою – қатардағы медицина қызметкерлерінің көрсеткен медициналық қызметтері үшін материалдық және материалдық емес алғыстар алу практикасын жою бойынша шаралар қабылданатын болады.
Алик Шпекбаев бүгінгі таңда адами капиталдың маңызды факторы үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт болып табылатынын атап өтті. Соған байланысты, медициналық қызметтерді көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі болып табылады.
Ведомстволардың арасындағы өзара іс-қимыл елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы ақпараттар алмасу, денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы және ішкі талдауларын жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобаларды, акцияларды, семинарлар мен кеңестерді өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Меморандумға қол қою сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыруға бағытталған уақтылы шараларды қабылдауға мүмкіндік бере отырып, екі мемлекеттік органның өзара іс-қимылына пәрменді импульс беретіндігіне сенім білдірді.