А. Цойға КВИ бойынша жағдай баяндалды

А. Цойға КВИ бойынша жағдай баяндалды

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Министр "Ақтөберентген" АҚ зауытының, облыстық перинаталдық орталықтың, онкогематология орталығының қызметімен және №1 қалалық емхананың жұмысымен танысты, сондай-ақ КВИ-мен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Эпидемиологиялық жағдайды талдау матрицасына сәйкес, Ақтөбе облысы 2021 жылғы 9 шілдеден бастап "қызыл аймаққа" кірді, пандемия басталғаннан бері өңірде КВИ – дің 14 142 жағдайы тіркелді, бүгінде 2 490 пациент ем алуда, оның 503 – і стационарлық деңгейде, 1 987-і амбулаториялық деңгейде. 1 қаңтардан бастап Ақтөбе облысында 294 жүкті әйел КВИ-мен ауырды, бүгінде олардың саны 57-ді құрайды.

"Облыста коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлығы 24 инфекциялық стационар дайындалды. Қазіргі уақытта 18 стационар ашылып, жұмыс істеуде, 6 стационар резервте тұр. Инфекциялық стационарлардың жалпы төсек қоры 3603 төсекті құрайды, оның ішінде 401 реанимациялық төсек. Қазіргі уақытта облыста 795 төсек – орын бар, оның ішінде реанимациялық 115 төсек - орын, резервте 2808 төсек-орын бар", - деді "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Рүстем Исаев.

Сонымен қатар, облыстың 37 37 медициналық ұйымы халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігерлер саны 651 құрайды, оның ішінде 509 ЖТД, 23 учаскелік терапевт, 119 учаскелік педиатр. 173 мобильді бригада орналастырылды.

Облыстың медициналық мекемелерінде 367 өкпені желдету аппараты, 582 оттегі концентраторы, 626 оттегі баллоны, 787 Бобров аппараты және 461 оттегі жастығы бар. №7 Қалалық емхана базасында COVID-19 күдікті Пациенттерге арналған КТ орталығы жұмыс істейді. КВИ емдеу үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етуді амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
2021 жылғы 1 ақпаннан бастап облысқа барлығы 398 575 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 313 575 доза Спутник V, КазВак – 7000 доза, ХаятВакс – 56 000 доза, Коронавак – 22 000 доза. Бірінші компонентпен 206 271 адам вакцинацияланды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 44.8% - ын және екінші компонентпен 112 304 адамды құрады.
Вакцинациялауға жататын халықтың 24,4% - ы толық иммундауды аяқтады. Облыстық деңгейде барлық мүдделі органдарды тарта отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды насихаттау жөніндегі өңірлік Медиа-жоспар бекітілді.

Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиният атап өткендей, ағымдағы жылдың сәуір айында Ақтөбедегі жағдайды зерделеу бойынша көшпелі штаб өткізілді. Нәтижесінде бірқатар ұсыныстар айтылды. 22 ұсыныстың 10-ы денсаулық сақтау басқармасына, 9-ы амбулаториялық-емханалық ұйымдарға, 3 стационарға берілді, олардың 5 - і қазіргі уақытта толық көлемде, 7 – і ресми түрде орындалды, 10-ы орындалмады.

Атап айтқанда, өңірде кадрлардың біліктілігін арттыру және жұмыспен қамту мониторингі бойынша ұсыныстар орындалды.

Смиуациялық орталық цифрлық форматқа ауыстырылмады. Яғни емханадан алынған деректер қолмен беріледі, бұл олардың сенімділігіне әсер етеді. Басқарманың бұйрығымен құрылған консультативтік топ ауыр халдегі және тұрақты негізде емдеуді түзетуді талап ететін пациенттерді консультациялармен қамтамасыз ету бойынша өз функциясын іс жүзінде орындамайды. Бұдан басқа, КВИ бар пациенттерге емдеу жұмысын ұйымдастыру бойынша (ПМСП) алғашқы медико санитарлық көмек қызметін талдауды қамтамасыз етпеу, ілеспелі аурулары бар пациенттерге сапалы медициналық көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарды стационар деңгейінде де, МСАК деңгейінде де өзекті (ПДЛ) клиникалық протокол қолдануға оқыту жөніндегі ұсынымдар тек формальды түрде орындалды. Бұл алғашқы медициналықс анитарлық көмек деңгейінде клиникалық протокол құрамына кірмейтін вирусқа қарсы антибиотиктерді негізсіз тағайындауды жалғастыруға алып келді. Сондай-ақ КВИ кезінде диагностикалық алгоритм толық көлемде сақталмайды, стационарлар деңгейінде уақтылы ПТР-зерттеу бөлігінде рентген және КТ-зерттеулер динамикада жүргізілмейді.

Сонымен қатар, А. Ғиният Р.Исаев айтқан төсек қорының нақты көрсеткішке сәйкес келмейтінін айтты.
Жабдықтармен жарақтандыру мәселесі бойынша компьютерлік томографияға қол жетімділік жоқ. А.Ғиният мәліметінше, Ақтөбеде бар болғаны 2 КТ бар.

Вице-министр инфекциялық төсектерді эшелондау мәселесін қарастыру қажеттігін айтты: стационарларды жағдайының ауырлығына байланысты деңгейі бойынша бөлу, пациенттерді амбулаториялық-емханалық деңгейде сұрыптаумен және ауруханаға жатқызумен тиісті деңгейге бөлу.

А. Гиният КВИ-ден болатын өлім-жітімге жеке тоқталды. Жыл басынан бері өңірдегі КВИ стационарларындағы өлім-жітім 290 адамды құрады, оның ішінде КВИ – ден қайтыс болғандар саны-167. КВИ тек 58 жағдайда, 65 жағдайда басқа аурулардан болған, яғни КВИ тіркеусіз қойылды. Ақтөбе облысында үйде covid-19-дан өлім-жітім тіркелген жоқ.

"Ақтөбе облысындағы бүгінгі жағдай үлкен алаңдаушылық тудырып отыр, себебі, төсек-орындарға сұраныс одан әрі өссе, төсек қорының жетіспеушілігіне және тиісінше халық үшін стационарлық көмекке қолжетімділіктің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, құқық қорғау органдарының, ішкі саясат басқармасының және т.б. белсенді қатысуымен КВИ алдын алу және вакцинация мәселелері бойынша облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет", - деді А. Цой.

Айтылған ақпаратты ескере отырып, Министр Денсаулық сақтау басқармасына шұғыл түрде резервтік төсектерді орналастыруды және КВИ бар пациенттерді қабылдауға дайындықты қамтамасыз етуді, жедел түрде консультативтік топтың жұмысын, оның ішінде онлайн-режимде ұйымдастыруды тапсырды.

Пациенттердің жай-күйін динамикада бағалау үшін чек-парақтарды қолдана отырып консультациялық топтардың жұмысын стандарттау, нақты уақыт режимінде алғашқы медико санитарлық ахуалдық орталықтарына пациенттердің бағытталуын, мобильді бригадалардың жұмысын, мұқтаж пациенттерді ауруханаға жатқызуды, амбулаториялық емдеуді уақтылы тағайындауды, оның ішінде тегін дәрілік қамтамасыз етуді бақылау бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, диагностика және емдеу хаттамасының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.