
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоспар бойынша тәуелсіз бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілетін бірқатар функцияларды беру жұмыстары жүргізілуде.
Ұлт Жоспарының 97 қадамын орындау шеңберінде азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігі жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес сатып алудың 4 бағыты бойынша ашық конкурс жүргізеді:
Осы функцияларды алғаш рет бәсекелестік ортаға берілді. Бұрын бұл жұмысты ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы мемлекеттік тапсырмасына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді.
Конкурсқа қатысуға медициналық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық орталықтар, медициналық университеттерді шақырамыз.
Конкурсқа қатысуүшін мына сілтемелер арқылы өтіңіз:
-Аналар мен перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін жүргізу бойынша қызметтер https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/announce/index/2763844
-Қайта реттеу, бизнес үшін бөгеулерді төмендету және денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторын дамыту https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/announce/index/2764018
-Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды стандарттау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/announce/index/2764272
-Клиникалық хаттамаларды әзірлеу/қайта қарау https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/announce/index/2773054