«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламаларын жақсы үйлестіру үшін салааралық байланыстар мен бақылауды құру» тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелдің баспасөз релизі

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламаларын жақсы үйлестіру үшін салааралық байланыстар мен бақылауды құру» тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелдің баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресуге арналған Жаһандық қордың «АИТВ» компоненті жөніндегі грантын жүзеге асыру аясында 2018 жылғы 1 тамызда Астана қаласында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламаларын жақсы үйлестіру үшін салааралық байланыстар мен бақылауды құру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелін өткізді.

Сондай-ақ, аталған Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекет механизмдерін жандандыру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты әлеуметтік келісімшарттардың механизмін енгізу жөніндегі негіздерді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру жөніндегі салааралық өзара іс-әрекет ету негіздерін құру болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік тапсырысты ұсыну үлгілері, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарға профилактикалық бағыт қызметтерін беру механизмдері, Қазақстан Республикасының инвестицияларын ЖИТС індетін қадағалау жөніндегі іс-шараларға қарай оңтайландыру мәселелері, ҚР-ғы АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы ҮЕҰ рөлі, сондай-ақ, мемлекетті әлеуметтік тапсырыс лоттарын қалыптастыру қаралды.   

Отырыс қатысушылары: ҚР ДСМ Қоғамдық кеңес төрағасы, денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамды даму өкілдері, Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, «азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» өкілдері АИТВ-ға қарсы жауап ретіндегі тұрақты ұлттық шараларды қамтамасыз етуге арналған Дөңгелек үстел Ұсынымдарына енгізу үшін ұсыныстар қосты.