
Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз маслихаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы Жандарбек Бекшин қатысты.
Жандарбек Бекшин атап өткендей, республикада жаңа оқу жылында 7051 жалпы білім беру мектебіне және 255 интернат ұйымына оқушылар қабылдау жоспарлануда. Бүгінгі күні олардың ішінде 45 мектеп апаттық жағдайда (ОҚО-да - 13, Жамбыл облысында - 9, Атырау облысында - 8, ШҚО-да - 5, Ақтөбе облысында - 4, Қызылорда облысында - 2, Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, БҚО-да - 1). Өткен оқу жылында тендердің кеш өткізілуі және уақтылы қаржыландырылмау салдарынан жаңа оқу жылы басталғанша 119 мектепте жөндеу мерзімінде аяқталған жоқ.
Биылғы жылғы шілдеден бастап Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру мекемелерінің оқу жылының басталуына дайындығын бағалау бойынша жұмысты бастады. Олар:
- орналастыру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес мектептер ғимараттары мен үй-жайларының жағдайы мен күтіп-ұсталуын;
- ас блоктары, медициналық кабинеттерде қажетті жабдықтардың болуын және олармен жабдықталуын;
- қажетті үй-жайлар жиынының, оның ішінде оқу кабинеттерінің, дене шынықтыру залының, спорт алаңдарының болуын және олардың тиісті мүкәммалмен жабдықталуын;
- оқу үй-жайларының қажетті жиһазбен жабдықталуын;
- физиологиялық толық қанды тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеруде.
Санитариялық нормалардың сақталуына және мектепте тиімді гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп формасы мен сөмкелерін таңдауға, оқушының дұрыс күн тәртібі мен дұрыс тамақтануына байланысты ұсынымдармен бөлісті.
Арқаға асатын сөмкені таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:
- арнайы қаңқасы бар ортопедиялық арқалығы бар сөмкені/рюкзакты таңдау керек, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөлетін, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс;
- иықбаулары баланың иығын ауыр салмақпен қиып кетпеуі үшін сипағанда жағымды, жалпақ материалдан болуы тиіс. Тұтқаларының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі иықбаумен асынуы, бұл ретте баланың мойнына салмақ түспеуі тиіс;
- сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келуі тиіс. Мектеп рюкзагының ішіндегісінсіз салмағы 1 килограмнан аспауы тиіс.
Балалар портфельдеріндегі артық салмақ проблемаларын шешу үшін 2017 жылдан бастап әр оқушыны оқулықтарды, ауыстыратын аяқкиімді және спорт керек-жарақтарын сақтауға арналған жеке шкафпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру басталды. «Осындай шаралар Білім және ғылым министрлігімен және Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мамандарымен Е. Бектұрғановтың жетекшілік етуімен депутаттық топтың бірлескен талқылауынан кейін қабылданды. Аталған шаралар балалар арасында тірек-қозғалыс аппараты ауруларының алдын алу үшін қажет»,- деді Жандарбек Бекшин.
Киімді сатып алу кезінде бала осы киімді 5-6 сағат және одан да астам уақыт бойы киетініне және бірінші кезекте форманың тігілген материалының сапасына назар аударуы керек. Құрамында синтетикасы аз матаны таңдаған дұрыс. Күнделікті кию үшін синтетикалық материалдан тігілген форма сәйкес келмейді, себебі синтетикалық талшықтардан ауа өтпейді. Одан басқа, синтетикалық талшық аллергия тудыруы мүмкін.
«Бірақ синтетикадан толық бас тартуға болмайды, себебі синтетикалық талшық киімнің пішінін «сақтайды», киіс береді» - деп түсіндірді Бекшин.
Форма тігілетін мата баланың денесі демалатындай және аллергияның алдын алу үшін гигиеналық қасиетке ие табиғи материалдардан (тоқыма, мақта, жібек) және вискозадан болғаны дұрыс. Матаның құрамы мынаны қамтуы тиіс:
- киімнің сыртқы қабаты табиғи талшықтың немесе вискозаның кемінде 35 %-ы;
- ішкі қабат ретіндегі астары табиғи талшықтың немесе вискозаның кемінде 100 %-ы;
- кофталар мен ер бала көйлектері табиғи талшықтың немесе вискозаның кемінде 65 %-нан тұруы тиіс.
Күн режимін сақтау оқушының күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Режим тәртіпке тәрбиелейді, жинақы болуға көмектеседі. Оқушының денсаулығына ұйқы, тамақтану және қозғалыс белсенділігі де әсер етеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде жаңа оқу жылына мектептің дайындығы мен жұмысы кезеңінде 8 /7172/ 74-18-64 телефоны бойынша жедел желі жұмыс істейді. Жедел желі арқылы мектептің жаңа оқу жылына дайындығының сәйкес келмейтін фактілері (апаттық жағдайы), сондай-ақ мектептің санитариялық-техникалық, гигиеналық талаптарының бұзылуы, тамақтануды және білім беру процесін ұйымдастыру сапасының бұзылуы анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болады.