Л. Ақтаева: Денсаулық сақтау басқармалары қарсы көрсетпелері бар жүкті әйелдерді сапалы қадағалау үшін бақылауды күшейту қажет

Л. Ақтаева: Денсаулық сақтау басқармалары қарсы көрсетпелері бар жүкті әйелдерді сапалы қадағалау үшін бақылауды күшейту қажет

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева өзінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру: 2018 жылғы 6 айдың қорытындысы» атты алқа отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Қазақтан Республикасы ДСМ Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Өзінің сөйлеген сөзінде ол Алғашқы медициналық санитарлық көмекті (ПМСП) дамыту шеңберінде диспансерлеуді Ауруларды басқару бағдарламасына (АББ) өзгертудің жоспарланып жатқанын атап өтті. «АББ пациенттерді өздерінің денсаулығын басқаруға белсенді тартуға бағытталған. АББ шеңберінде халық арасындағы адам өлімінің 70 % және аурудың 77 % анықтайтын 25 созылмалы ауру бойынша пациенттермен бірлесіп динамикалық басқаруды ұсынады. Осыған байланысты бірқатар инфекциялық емес аурулар: жүрек-қан тамыры, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабет АББ-ға кірген. АББ-ны пилоттық енгізу тәжірибесі осы тәсілдің жоғары тиімділігін көрсетті.», - деп мәлімдеді Ләззат Ақтаева.

Денсаулық сақтау вице-министрі сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне жете тоқтап өтті. Бүгінгі таңда, Онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспары бекітілді, Туберкулезбен күресудің кешенді жоспары өзектендірілді. Халықтың көрсетілетін медициналық қызметпен қанағаттану деңгейін бағалау жөніндегі зерттеу, клиникалық хаттамалар мен бейіндік қызметтер стандарттарын әзірлеу үкіметтік емес ұйымдарға берілді. Сондай-ақ медициналық ұйымдарды аккредитациялау стандарттары қайта қаралды және онкологиялық, психиатриялық, неврологиялық, акушерлік және гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі 4 стандарт мақұлданды.

Адам ресурстарын басқарудың тиімділігі бойынша. «Жалпы жыл сайын өсіп келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілердің саны есебінен саладағы кадр тапшылығының азайып келе жатқаны байқалады. Бұдан басқа, шетелдік жетекші университеттермен стратегиялық серіктестік шеңберінде медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын елімізде және шетелде оқыту жүргізілуде, сондай-ақ студенттердің білімін аралық тәуелсіз бағалау енгізілді, ал студенттерді курстан курсқа ауыстыру балы 2.2-ден 3 дейін ұлғайтылды», - деп мәлімдеді вице-министр.

Ләззат Ақтаева атап өткендей, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында жедел жәрдем көрсетудің бірыңғай диспетчерлік қызметі енгізілетін, шұғыл емес шақырулар емханаларға берілетін, қызметкерлерді реанимациялық көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына кезең-кезеңімен оқыту және басқалар жүзеге асырылатын болады. Министрлік триаж жүйесін және көп бейінді стационарға кез келген бейіндегі пациенттерді қабылдауға әзірлігін ендіре отырып стационарлардың қабылдау бөлімшелері қызметінің жаңа форматын регламенттеді. Жедел жәрдемнің жету уақыты 25 минуттан 18 минутқа дейін қысқартылды, аурухана жатқызу әкеп соғу төмендеді және реанимациялаудың табыстылық көрсеткіші өсті.

Сондай-ақ отырыста Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің, Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің және Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаевтың баяндамалары тыңдалды.