Онкологиялық ауруларды емдеуде жасанды интеллект пайдалану

Онкологиялық ауруларды емдеуде жасанды интеллект пайдалану

Алматы қаласында 2018 жылғы 18 шілдеде «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК базасында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің, ҚазОжРҒЗИ директорының, ҚР ДСМ бас онкологы Диляра Қайдарованың және  IBM, «OpenSystemsDevelopment» компаниялары өкілдерінің қатысуымен онкологиялық ауруларды емдеуде жасанды интеллект жобасының тұсаукесері өтті.

Онкология саласындағы жасанды интеллект платформасын тестілеу бойынша бірлескен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 16 - 18 шілде аралығында ҚазОжРҒЗИ қызметкерлері, IBM компаниясының медициналық және техникалық сарапшылары өкпе, сүт безі, қуық асты безі және қуық, қалқанша безі обырлары бойынша онкологиялық пациенттердің емделген жағдайларына талдау жүргізді. 

Бірлескен жұмыс барысында сондай-ақ клиникалық процестер талқыланды, жасанды интеллект ұсынатын емдеу әдістеріне, ақпаратты жинаудың және сақтаудың техникалық мәселелері, пациенттердің деректерін қорғау, сондай-ақ WatsonforOncology платформасын Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктеріне бейімдеу мүмкіндіктеріне  талдау жүргізілді. Барлығы 13 нозология бойынша 28 жағдай тестіленді.