
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті су бұрқақтарына суға шомылудың қауіпті екенін ескертеді.
Жақын күндері синоптиктер ауа температурасының көтерілетінін болжауда. Көптеген қала тұрғындары ыстық кезде салқындағылары келіп, қаладағы су бұрқақтарына суға түседі.
Қаладағы су бұрқақтарында кір, вирустар, адам үшін зиянды микроорганизмдер жиналады. Осы бұрқақтардағы ең басты қауіптілік – бұл ротавирусты және энтеровирусты инфекциялар. Сонымен қатар бұрқақтарға суға түскенде дизентерияны, ішек инфекцияларын және А гепатитін жұқтырып алуға болады.
Бұрқақтарда шомылу қауіпті, себебі бұрқақтардағы су ағынды емес, тұйық жүйеде айналымда болады және жануарлардан қалған гельминт жұмыртқаларының жұғуына себеп болуы мүмкін.
Бұрқақтарға суға түсу тек ауруларды жұқтыруға әкеп соқтырып қана қоймай, сонымен бірге бұрқақтарда орналасқан құбырлар, сорғылар мен шырағдандар есебінен электрмен және механикалық зақымдалуларға алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар қала билігін оларды тазалауға және дезинфекциялауға тиісті назар аударуды сұраймыз.
Құрметті ата-аналар! Денсаулық сақтау министрлігі бұрқақтың балалардың суға түсетін орны емес екенін ескертеді. Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу қауіпті екенін ескертіп отырыңыздар.