
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында өткізген есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша орталық коммуникациялар орталығы қызметіндегі брифингте сөйлеген сөзінде айтты.
Елжан Біртановтың айтуынша, Денсаулықмині қазір бірінші кезекте қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта үлкен жұмыс жасалды. Саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде соңғы 5 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуда жағымды серпін байқалады. Күтілетін өмір ұзақтығы 6 жылға ұзарды; жалпы өлім-жітім 26 пайызға, ана өлімі 2,5 есе, сәби өлімі 2,6 есе төмендеді; қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім үш есе, туберкулезден өлім-жітім бес есе; қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 27 пайызға төмендеді.
«Маңызды әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі халықты қолжетімді және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылатынын айта кеткім келеді. Өткен 10 жылда елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сатып алынатын дәрі-дәрмек атаулары санының 2,5 есеге артқанын көрсетеді, мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есе артқан. Мемлекеттік бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны соңғы 5 жыл ішінде 15%-ға артқан. Дәрілік заттармен қамту процесінің тиімділігі мен ашықтығы мақсатында ағымдағы жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыру жүргізілді; онлайн трансляция режимінде сатып алуды ұйымдастыру; нәтижесінде 23 млрд. теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді. Қазір өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары осы сомаға орталықтандыру кезінде анықталған тапшылықты жабуға және емделуге мұқтаж барлық азаматтарды дәрілік қамтамасыз етумен қамтуға қосымша өтінімдерді қалыптастырды. Қазір Бірыңғай дистрибьютор СҚ-Фармация 2019 жылға халықты дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін дәрілік заттарға қажеттілік қалыптастырылатын болады, ал қыркүйектің аяғына дейін 2019 жылға сатып алу жүргізіледі, қарашада сатып алынған препараттарды СҚ-Фармация қоймасына жеткізу күтілуде. 2019 жылдың басында дәрі-дәрмек одан әрі халыққа беру үшін еліміздің медұйымдарына жеткізілетін болады. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасалды. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алудағы маңызды жаңалығы 2019 жылға дейін электрондық сатып алу форматына өту болады. Қазіргі уақытта жаңа электрондық портал әзірленіп, оның негізінде дәрі-дәрмектерді сатып алу жүргізілетін болады. Ол 17 шілдеде таныстырылады, ал СҚ-Фармацияның келесі сатып алулары электронды түрде өтеді» - деді министр.
Министр сондай-ақ МСАК-ты жаңғыртуға тоқталып өтті, оның шеңберінде ЖПД учаскелерін ұлғайту бөлігінде отбасылық медицина күшейтілді, мысалы өткен жылы ЖПД учаскелері 12%-ға және жалпы практика дәрігерлерінің саны артты. ЖПД даярлау бағдарламасы қайта қаралды. МСАК айналасында денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау тұрғысынан амбулаториялық-емханалық мекемелер құрамында 236 туберкулезге қарсы, 1644 қарап-тексеру (әйелдер мен ерлерді), 392 онкологиялық, 287 маммологиялық кабинеттер және 42 психикалық денсаулық кабинеті жұмыс істейді. 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктемені 1500 бекітілген халыққа дейін төмендету мақсатында педиатрия учаскелерін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы 149 жаңа педиатрия учаскелері құрылды. МСАК дамыту шеңберінде емдеуге жатқызуды Ауруларды басқару бағдарламаларына (АББ) түрлендіру жоспарлануда.
Елжан Біртановтың айтуынша, кезек күттірмейтін медкөмекті халықаралық стандарттарға жақындату үшін жедел көмектің бірыңғай диспетчерлік қызметі, шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру, қызметкерлерді реанимациялық көмектің әлемдік стандарттарына оқыту және басқалар енгізілетін болады. Министрлік триаж жүйені енгізу және көп салалы стационарға кез келген бейіндегі пациентті қабылдауға дайындық арқылы стационарлардың қабылдау бөлімшелері қызметінің жаңа форматын регламенттеді. Мысалы, жедел көмектің жету уақыты 25 минуттан 18 минутқа қысқартылды, емдеуге жатқызуға дейінгі өлім азайды, реанимацияның табыстылық көрсеткіші өсті.
«Денсаулық сақтауды цифрлық жаңғырту үшін медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, бұл 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс форматына өтуге мүмкіндік береді. 2016 жылмен салыстырғанда аудандық деңгейге дейін медициналық ұйымдардың медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылуы 38 пайыздан 96,7 пайызға – 2,5 есеге артты; компьютерлермен жабдықтау 34 пайыздан 85,5 пайызға дейін – 2,5 есеге артты; интернет желісіне қолжетімділік 40,9 пайыздан 63,2 пайызға дейін – 22,3 пайызға артты. Деректерді толық резервтеуді және көшіруді қамтамасыз ететін деректерді өңдейтін екі орталық жұмыс істейді. Сонымен бірге денсаулық сақтау және медицина саласындағы мобильді қосымшалардың отандық әзірлеушілері үшін орта құрылды, атап айтқанда қазір халықтың 17 қосымшаға қолы жетеді» - деп хабарлады министр.
Сонымен қатар министр отандық педиатриялық көмек рөлін ерекше атап өтті. Мысалы, ең кіші пациенттеріміз үшін педиатриялық көмекті жетілдіру шеңберінде туа біткен ақауларды түзетудің инновациялық әдістері енгізілуде. Осындай филиграндық операциялардың артуы соңғы 5 жылда 28 пайызды құрады, қорғайтын эндоскопиялық араласуларды қолдану 10 пайызға өсті, туа біткен ақауларды операция арқылы емдеудің табысты аяқталуы өткен жылы 86 пайызды құрады. Біз сыртқы есту тесіктерінің болмауы сияқты аурумен күресуді, есту дамуының туа біткен ақауларын реконструкциялау-қалпына келтіру операцияларын жасауды үйрендік. Балалардың кардиохирургиялық қызметі өзінің әлеуетін арттырып келеді. 2017 жылы сәбилердегі туа біткен жүрек ақауын жою бойынша 2,5 мыңнан астам операция өткізілді. Отандық балалардың онкогематологиясы балаларымыздың өмірін сақтап қалуда: соңғы 5 жылда сүйек кемігін транспланттау саны 8 есеге жуық артты. Қант диабетімен күресуде мемлекет кіші пациенттерімізді қандағы глюкоза көрсеткішін түзету үшін инсулинді дозамен пайдалануға мүмкіндік беретін инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етеді. Одан басқа, Министрлік жаңа анықталған науқастарды 2018 жылдан бастап осы медициналық бұйыммен тегін қамтамасыз ету туралы помпа жеткізушілерімен меморандум жасады!».
Соңында Министр «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдауын іске асыру бөлігіндегі негізгі міндеттердің орындалуына тоқталды. Мысалы, Министрлік қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту бойынша шаралар жоспарын әзірледі және бекітті, МӘМС және ТМККБК жаңа моделін енгізу шеңберінде МӘМС кепілдік берілген көлемінің тізбесі мен пакетін жетілдіру бойынша заң жобасын әзірледі және Үкіметтің қарауына енгізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жеке кәсіпкерлер үшін кедергілерді азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласына, оның ішінде МЖӘ базасында инвестициялар тартылуда. Жоғарыда атап өткендей, 2018 жылдың соңына дейін цифрландыру денсаулық сақтаудың барлық аспектілерін қамтиды. Дәрі-дәрмектің бағасын реттеу туралы заң жобасы әзірленіп, Парламентке жіберілді. Осы жылдың соңына дейін дербестендірілген медицина бойынша жос картасы іске қосылатын болады. Үкімет Онкологиялық аурулармен күресу, оның ішінде астанада ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша кешенді жоспарды әзірлеп, қабылдады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясы әзірленуде. Сонымен қатар Астана қаласында 25-26 қазанда Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы декларациясының қабылдануының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция өтеді, онда 190-нан астам ДДҰ-ға мүше мемлекет өкілдерінің қатысуы күтілуде.