
Медициналық ұйымдарды аккредиттеу «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 маусымдағы № 325 бұйрығына сәйкес жаңартылған стандарттары бойынша жүргізілетін болады. ҚР ДСМ-нің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» (бұдан әрі – «МҚСБЖ») жаңарту мақсатымен 2018 жылғы 25 маусымнан 2018 жылғы 20 тамызға дейін медициналық ұйымдарды аккредиттеу тоқтатылды.
Медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу енгізілген сәттен бастап, аккредиттеу стандарттарының бұл шығарылымы есеп бойынша үшінші болып табылады. Үздік әлемдік тәжірибеге және ISQua талаптарына сәйкес төрт жылда бір рет ұлттық аккредиттеу стандарттарын қайта қарау ұсынылады. Аккредиттеу стандарттарының медициналық ұйымдарға арналған бірінші шығарылымы 2009 жылы шығарылған. 2012 жылы аккредиттеу стандарттарының екінші редакциясы күшіне енді, олардың негізінде аккредиттелген ұйымдар бүгінгі күнге дейін жұмыс істеді. үшінші қайта қарау стандарттары бойынша келесі төрт жылдың ішінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүргізілетін болады.
Стандарттарды сараптамалық жұмыс топтары, денсаулық сақтау практикасының ұлттық сарапшылары, халықаралық сарапшылар мен медициналық ұйымдардың өкілдері дайындады. 2016-2017 жылдары осы стандарттарды пилоттық тестілеу кейіннен пысықтала отырып, медициналық ұйымдардың базасында жүргізілді.
Осы аккредиттеу стандарттары Дүниежүзілік денсаулық Сақтау Ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) ұсынымдары, халықаралық аккредиттеу стандарттарының, денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі Халықаралық Қоғамның (бұдан әрі – ISQua) талаптары және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілері ескеріліп әзірленді. Жаңа стандарттар өзінің толықтығымен және түсінікті баяндалған талаптарымен ерекшеленеді, бұл оларды дұрыс түсінбеу мүмкіндігін барынша азайтады. Бұрын аккредиттеу стандарттары мағыналық жүктемесі мен талаптары бойынша біркелкі болмаған. Мәселен, бұрын бір стандартта бір критерий болса, басқа стандартта 10-15 критерий болған. Жаңа стандарттарда стандарттар ауырлығы біркелкі бөлінген – әрбір стандартта 5 нақты өлшемді критерий бар. Саралау жүйесі сақталған: стандарттың әрбір критерийіне науқастың қауіпсіздігіне және медициналық көмектің сапасына әсеріне байланысты І-ден ІІІ-ке дейінгі дәреже беріледі. «МҚСБЖ» ұпайларды есептеу кезінде адами факторды болдырмау үшін саралауға сәйкес енгізілген ұпайларды автоматты түрде есептейді.
Аккредиттеу стандарттарының ішінде корпоративтік басқару, HR-менеджмент, дәрілік заттардың айналымы және оларды қолдану, медициналық қателерді анықтау мен алдын алуды қоса алғанда, сапаны басқару саласындағы үздік практиканың жаңа талаптары және көптеген басқа бөлімдер пайда болды. Осылайша, алғаш рет Қазақстанның нормативтік құжаттарында «қауіпсіздік мәдениеті» термині пайда болған, бұл ұжымдағы жазаланбайтын жағдайды қолдауды білдіреді, бұл кезде пациенттің қауіпсіздігі кәсіби ынтымақтастықтан жоғары қойылады. Сөйтіп, қауіпсіздік мәдениетін енгізуі және қолдауы, инциденттерді анықтауды көтермелеуі және жұмысты жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдауы тиіс медициналық ұйымдарды басшыларына қойылатын талаптар жазылған. Сондай-ақ, жаңартылған стандарттар инфекциялық бақылау, антибиотиктердің пайдаланылуын бақылау саласындағы ДДҰ-ның ұсыныстарын, сондай-ақ қауіпсіздік пациент қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттарын қамтиды.
Осы бұйрықпен медициналық ұйымдардың 6 түрі үшін жеке-жеке аккредиттеу стандарттары бекітілген: амбулаториялық-емханалық ұйымдар; стационарлық ұйымдар (ауруханалар); жедел жәрдем қызметтері; қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары; паллиативтік көмек және мейірбике күтім көрсететін ұйымдар; қан қызметі. Сонымен қатар, ҚР ДСМ бастамасымен басымды бес бағыт бойынша Қазақстан Республикасында инсульт, инфаркт, онкология, жарақаттанудан және босанудан болатын өлім-жітімді төмендету үшін құрамында осындай қызметі немесе бөлімшесі бар медициналық ұйымдарға арналған кәсіби стандарттар әзірленген. Енді жалпы аккредиттеу стандарттарының шеңберінде жоғарыда аталған бес бейінді қызметтерге арналған арнайы бөлімдер бар.
Осы бұйрықпен енгізілетін жаңа аккредиттеу стандарттары үздік әлемдік практикаға сәйкес келетін стандарттар ретінде ISQua сертификаттауынан өтті. Халықаралық практикада медициналық ұйымдарды аккредиттеу сапаны және пациенттердің қауіпсіздігін жақсарту құралы болып табылады. ТМД елдерінің арасында Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы стандарттау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында танымал ұлттық ISQua аккредиттемесін қолданатын жалғыз ел болып табылады. Қазақстанның тәжірибесімен басқа да ТМД елдері қызығушылық танытуда, олармен аккредиттеу саласындағы үздік тәжірибеге алмасу бойынша ынтымақтастық басталды.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сденсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу қағидаларына сәйкес аккредиттелген медициналық ұйымдардың медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерді ұсыну үшін мемлекеттік тапсырыс алуға басымдық берілетін құқығы бар.
Медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарының үшінші шығарылымы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің веб-сайтынды мына сілтеме бойынша қол жетімді: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/102982/kaz .