
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20-жылдығы мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 10-жылдығына арналған Халықаралық нейрохирургиялық форум өтіп жатыр.
Форумның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары және т.б.
Форумның ғылыми бағдарламасы нейрохирургия саласының өзекті сұрақтарына арналады. Форумға әлемнің 20-дан аса елінің ресми өкілдері қатысатын болады, соның ішінде Қазақстанның, ТМД елдерінің және шетелдердің нейрохирургия, неврология, нейроанестезиология және нейрореанимация саласының жетекші мамандары бар.
Олардың арасында әлемдік нейрохирургияның ғұламалары: РҒА академигі, Н.Н.Бурденко атындағы ҰМЗО құрметті президенті, Ресей нейрохирургтары ассоциациясының президенті Александр Коновалов, WFNS нейрохирургиялық қоғамдастықтардың бүкіләлемдік федерациясының президенті, профессор Franco Servadei (Италия), Нейрохирургтардың Азиялық конгресінің президенті, профессор Yoko Kato (Жапония), Нейроэндоскопияның халықаралық федерациясының президенті, профессор Shlomi Constantini (Израиль), Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық ассоциациясының вице-президенті, РҒА академигі, Н.Н.Бурденко атындағы НМИЦ ФГАУ директоры (Ресей) - Александр Потапов, нейрохирургтардың Азиялық Австралиялық қоғамдастықтарының вице-президенті, Хиросима (Жапония) және т.б.
Бірінші рет Қазақстанда форум қатысушыларына Prof. Eka J. Wahjoepramono және Dr. Julius July (Индонезия) нейрохирургиялық қоғамдастықтардың бүкіләлемдік федерациясымен танылған нейрохирургтарының 3D дәрісін алуға, мидың терең бөлігіне үш бөлімдік режимде қарау ерекше мүмкіндігі ұсынылатын болады.
Жалпы алғанда форумның ғылыми бағдарламасы нейрохирургия, нейроонкология жұлын, тамырлы, педиатрия нейрохирургиясы және шеткі жүйке нейрохирургиясы, сонымен қатар жіті инсульттарды емдеу және аталған тақырыптар бойынша пленарлық сессияларды өткізуге арналған.