Ұлттық нейрохирургия орталығы - медицина ғылымының флагманы

Ұлттық нейрохирургия орталығы - медицина ғылымының флагманы

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының нейрохирургтерінің IVКонгресінде қатысты.

Аталған іс-шара  Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20-жылдығы мен Ұлттық нейрохирургия орталығы 10-жылдығы шеңберінде өткізіледі. 

2008 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарпбаевтың тапсырмасымен Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылды, ол еліміздегі нейрохирургиялық қызметтің дамуы алаңына  айналды.  

Кішіинвазиялық жұлын нейрохирургиясы, тамырлы және функционалды нейрохирургия, эндоскопиялық нейрохирургия сияқты басым бағыттарды дамыта отырып Орталық нейрохирургиялық нозологиялар бойынша пациенттерді емдеуде халықты нейрохирургиялық патологиялардан болатын өлім-жітім мен мүгедекті  азайтуға үлкен үлес қосты.   

Жыл сайын Орталық жүйке жүйесінің айтарлықтай күрделі патологиясы бар пациенттерге 3000 –нан аса операция жасайды және де бұл сан жыл өткен сайын арта түсуде.  Шамамен 4 мыңға жуық пациент жыл сайын Орталықта жоғарғы білікті нейрохирургиялық көмекті алады.

10 жыл ішінде  Орталықта  шамамен 37 мыңға жуық пациент емделіп шықты, 20 мыңнан астам операция жасалынды, 66 жаңа нейрохирургиялық технология енгізілді.

Қазіргі таңда клиника нейрохирургия саласындағы медициналық инновациялардың көшбасшысы, жетекші ғылыми және клиникалық орталық болып табылады.  

Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының конгресі – бұл қазақстандық нейрохирургтардың кездесу орны, мұнда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін резолюция қабылдаумен «Қазақ нейрохирургтары ассоциациясы» ҚБ басқармасының дәстүрлі отырысы өтеді. Осы жылы Конгресте «Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық қызметті ұйымдастыру», «Нейрохирургиялық бөлімшелерді жабдықтау стандарттары», «Нейрохирургиялық кадрларды дайындау», «ҚР инсульт қызметі» және басқа да өзекті сұрақтар талқыланатын болады.