
Бұл жайында бүгін ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.
ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Қазақстанда қолдаушы алмастырушы терапия бағдарламасымен нашақаорлық тәуелділігі бар 288 адам қамтылған. Аталған бағдарлама Қазақстанда 2008 жылдың 28 қазанынан бастап іске асырылып жатыр. Аталған кезеңде бағдарлама қатысушыларының жиынтықты саны 1116 адамды құрады, оның 71,5% аса белсенді еңбекке қабілетті 30-44 жасқа тура келеді. Бағдарламадан шығып кеткен 896 науқастың ішінен 290 науқас (32,4%) жақсы нәтижемен шықты (бағдарламаны жоспарлы түрде және мерзімінен бұрын аяқтау)».
Сонымен бірге, Николай Негай бағдарламаға нашақорлық тәуелділіктің ауыр түрлеріне шалдыққан адамдардың енгізілгенін атап өтті. Науқастардың басым бөлігінің (73,4%) ұзақ мерзімдік өтілі болған – инъекциялық есірткілерді 10 жылдан астам уақыт бойы тұтынған. Бағдарламаға қатысушылардың көпшілігі айналадағыларға жұқпа таратудың жоғары қаупі бар ауыр созылмалы аурулармен ауырады: 61,5% В және С гепатиттерінен зардап шегеді, АИТВ жұқпасының бар екені 28,3% науқаста расталса, туберкулезбен ауыратындар – 17,4%».
«Бағдарламаға қатысқан науқастардың 76,1% қандай да бір қылмыстар жасағаны үшін сотталды, ал 33,8% 3 және одан көп соттылығы бар. Қарастырылып отырған контингентте емдеуді дәстүрлі түрде жүргізудің сәтсіз әрекеттерінің саны 4,1 есе көрсеткішті құрады», - дегенді қоса айтты.
Бұдан бөлек, бас директордың сөзіне қарағанда, бағдарлама іске асырылған уақыт аралығында оған қатысудың арқасында 127 науқас отбасын құрып, 76 адам жұмысқа орналасқан. Медициналық ұйымдар 22763 қосымша қызмет көрсетті, бұл әлеуметтік сүйемелдеу, отбасылық кеңес беру, психиатриялық емес бейінді тар аядағы мамандардың кеңестері және т.б. Қазіргі уақытта 288 қатысушының 23,6% ресми түрде жұмыс істейді, өз бетімен жұмыс істеушілер - 48% және қазақстандық ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижелеріне сәйкес бір нашақорлық тәуелділігі бар адамды ҚАТ бағдарламасынан өткізу үшін жұмсалатын шығындардың кешендік дәстүрлі емдеуге жұмсалатын шығындармен салыстырғанда мемлекет қазынасына 5,2 есе арзан түседі – деп, толықтырды ол.