Е.Біртанов Ақмола облысының №1 емханасының жұмысымен танысты

Е.Біртанов Ақмола облысының №1 емханасының жұмысымен танысты

Бүгін Ақмола облысына  жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан  Біртанов №1 қалалық емхананы аралады. Емханада жаңа сандық технологиямен танысты, сондай-ақ, аймақтағы денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмысшылармен кездесті.

Мекемені аралау барысында Премьер-Министр жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық құрал-жабдықтарының жұмысымен, сонымен қатар, «Кешенді медициналық  ақпараттық жүйесінің» және лабораториялық ақпараттық жүйесінің жаңа бағдарламасымен танысты.  

Жергілікті емхананың жетекшілігімен электронды анықтамалық жүйесінің жұмысы мен кезектің барысы таныстырылды. Осы жүйе арқылы Көкшетау қаласының тұрғындары және Зеренді ауданының жақын елді-мекендерінің тұрғындары өздеріне  ыңғайлы уақытта медициналық қызметті алады. 

Жұмыс сапары соңында аймақтың денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмысшылармен кездесу болып өтті. Кездесуде ұсынылатын медициналық қызмет сапасының мәселелері, облыстық дәрігерлерді кәсіби дайындау деңгейлері, МӘМСҚ енгізуге дайындығы, денсаулық сақтау саласында МЖС дамуы мен цирфландыру мәселелері қозғалды. 

Анықтама: қалалық емхана Зеренді ауданына жақын  елдімекендердің, Көкшетау қаласының тұрғындарына бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Жобаның қуаты тәулігіне 585 қатынау, 76 күндізгі стационар төсегімен жабдықталған. 615 медицина жұмысшылары халыққа қызмет атқарады.