
2018 жылғы 22 маусымда Надежда Петухованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің (ҚК) кезекті отырысы өтті. Отырысқа: ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Атамекен» КҰП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, ӘМСҚ төрайымы Елена Бахмутова, құрылымдық департаменттер директорлары және Қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы жұмыс қорытындысы туралы есебі тыңдалды. Есеп 2018 жылғы 29 маусымда Министрдің халық алдында кездесуінде ұсынылатынын атап өту қажет.
Іс-шара барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрайымы Елена Бахмутованың 2017 жылдың қызмет мәселелері бойынша есебі және 2018 жылға арналған міндеттер қаралды.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесін мазмұндады.
Елжан Біртанов «Қоғамдық кеңес мүшелерінің денсаулық сақтау ұйымдарын деректер сұрату, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелерін халықпен түсіндіру жұмыстарына тарту бөлігінде өкілеттіліктерін кеңейтуді ұсынамын» деді.
Қоғамдық кеңес мүшелері халықпен түсіндіру жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттілігіне назар аударды, сондай-ақ IT- компаниялардың қатысуымен жобаларды қараумен бірге, денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде ақпараттық жүйелерді үйлестіру және біріктіру мәселелері бойынша кеңес өткізу ұсынылды.