
Балалар үшін жазғы лагерьді таңдау кезі келді. Барлық ата-ана балаларының бұл кезді қызықты және қала шуылынан алыс жерде өткізгенін қалайды. Қазір республиканың түкпір-түкпірінде және шет елдерде балаларды оқыту және сауықтыру туралы көптеген ұсыныстарды табуға болады.
Ата-ананың мағлұмат алуы үшін Комитеттің сайтында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарының тізімі апта сайын орналастырылады:
Комитеттің сайты: http://kooz.mz.gov.kz –«Комитет туралы» бөлімі - «Қызметі» - «Балаларға арналған сауықтыру ұйымдары туралы ақпарат».
Балаға жазғы лагерьді таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сауықтыру ұйымдарындағы мынадай жағдайларға назар аударуды ұсынады:
1) Балалардың тұру жағдайына. Балаларға арналған бөлмелер кең, жарық және жөндеуден өтуі тиіс, онда ыңғайлы тұру және ойындарға арналған барлық жағдайлар жасалуы керек. Бөлмеде неше бала болатынын, терезелер ашылатындығын, жиі тазалау жүргізілетіндігін, санитариялық тораптың барын немесе оның қай қабатта орналасатындығын сұраңыз. Балалардың көпқабатты корпуста немесе коттедждерде тұратындығын біліңіз. Осы ұсақ-түйектерге баланың жақсы көңіл-күйі ғана емес, сонымен қатар денсаулығы да байланысты;
2) Лагерьдегі тағам сапасына назар аудару керек (тіпті ол палаталы (киіз үйлі) типті болса да). Тағам толық және үйлестірілген болуы тиіс, балалардың ағзаларына есептелуі тиіс. Бала күніне 4-5 реттен кем емес тамақтандырылуы тиіс және түскі асқа ыстық тамақ берілуі қажет. Ата-ана тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс, сондықтан ұсынылған мәзірді алдын ала қарауы тиіс;
3) Лагерьде күзеттің болуына, өйткені қауіпсіздік бәрінен бұрын маңызды және аумақтың жақсы қоршалғанын, күзетілетіндігін (тіпті, видеобақылау камераларымен жабдықталу мүмкіндігін), түнде жабылатындығын, балалардың өздігінен шығып кете алатындығын, бөгде адамдардың лагерьге кіре алатындығын, балалардың өздерімен өздері болып, көп уақытқа қараусыз қалатындығын әрқашан сұрап тұру керек.
4) Медицина қызметкерінің лагерьде үнемі болуына. Бұл алғашқы әлсіздік белгілері пайда болған кезде баланың ата-анасына хабарлауына мүмкіндік болуы үшін керек. Дәрігерлердің бақылауынсыз бала өздігінен ем жүргізбеуі қажет. Шартқа (немесе басқа құжатқа) қол қою кезінде қажет болған жағдайда алғашқы білікті медициналық көмек көрсету бойынша кепілдік міндетті түрде айтылуы тиіс. Сондай-ақ, аурудың белгілері болса, баланың, тіпті жасы үлкен баланың улануына («қорқынышты ештеңе болмайды, басылады» деп үміттеніп қарауға) жол бермеу керек.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде балаларға арналған жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысы кезінде балалар үшін 8 /7172/ 74-18-64 нөмірі бойынша шұғыл желі жұмыс істейтін болады, бұл желіге қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда ауызша немесе жазбаша түрде шағым түсіруге болады.