2018 жылғы 20 маусымдағы (18:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

2018 жылғы 20 маусымдағы (18:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 62 жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 4 адам, 45 адам шығарылған және 13 жағдай өліммен аяқталған: Алматы қ. – 6 жағдай, Алматы облысында – 3 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай.

 

 

Бүгін Алматы облысында менингококк инфекциясына күдікті өлім жағдайы тіркелді. Науқас а.ж. 19 маусымда ауруханаға жатқызылды. Зертханалық зерттеулер жүргілуде. Байланыста болған адамдар тексеріліп жатыр.

 

 

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

 

 

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін —жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.

 

 

Инфекцияның берілу жолы - ауа-тамшы арқылы (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның организміне науқас немесе тасмалдаушы адаммен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы арқылы енеді. Жұқтырған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас аурудың алғашқы күнінен бастап айналадағы адамдар үшін жұқтыратын адам болып саналады.

 

 

Иммундық жүйесінің қалыптаспауына байланысты 5 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады – бұл жастағы адамдар көптеген тәуекел факторларының үйлесімділігімен – адамдардың тығыздығы, темекі шегу, жалпы сусындармен және т.б. ерекшеленетін сауықтыру орындарында көп уақыт өткізеді.

 

 

Менингит кенеттен басталады: күтпеген  жерден катты бас ауыруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С жетеді, қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Аурудың тұмау, баспа, тонзиллит және т.б. сияқты зиянсыз ауруларға ұқсап, жеңіл өтуі мүмкін екенін ескеру қажет, және сондықтан өте қауіпті. Қатты тоңу, сырқаттану, қажу тудырған организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай туындаған кезде  менингококк бас миының қабығына енеді және қабынуды тудырады.

 

 

Профилактикасы

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.



Созылмалы инфекциясы бар  ошақтарға санациялау жүргізген маңызды, балаларда бұл көбіне ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына жиі бару және мүмкіндігінше профилактикалық түрде болуы керек.

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.

Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.

Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!