Донор қаны сағат сайын, минут сайын қажет

Донор қаны сағат сайын, минут сайын қажет

2018 жылғы 14 маусымда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (ТҒӨО) Дүниежүзілік донор күніне арналған іс -шара өтті. 

Дүниежүзілік донор күні – Женева қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың 558-ші сессиясының барысында 2005 жылғы мамырда бекітілген халықаралық күн. 

Атаулы күн жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Биылғы жылдың ұраны: «Басқаларды да ойла. Қан тапсыр. Өміріңмен бөліс!». 

Дүниежүзілік донор күні қан донорларының үлкен маңыздылығы ұмытпау үшін құрылды. Қан құю әлі күнге дейін көптеген адамның өмірін сақтап қалудың жалғыз амалы болып қала береді. 

Әр адам игі іс жасап, донор бола алады. Донор қаны сағат сайын, минут сайын қажет! Өз қанымен бөлісу – біреуге өмір сыйлау деген мағынаны білдіреді. Оны әр адам білгені жөн. Жоғарыда аталған акциялар осы мақсатта жүргізіледі. 

Дүниежүзілік донор күнін өткізу дәстүрлі және жыл сайынғы іс-шараға айналды және қоғамның айрықша назары аударылатындықтан, ерікті өтеусіз донорлықты дамытудағы негізгі қозғалыс күші болып табылады. 

Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ерікті өтеусіз донорлар, ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға белсене қатысатын қала ұйымдары мен кәсіпорындарының,  «Нұр Отан» ХДП және т.б. өкілдері қатысты. 

Өмірлерін қан донорлары арқылы сақтап қалған пациенттер де донорларға өз алғысын білдіру үшін келді. 

Іс –шара шеңберінде әртістердің қатысуымен концерт өтті, оның барысында ерікті өтеусіз донорлар мен ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға белсене қатысатын қала ұйымдары және кәсіпорындарының басшылары алғыс хаттармен марапатталды.