ТМККК жаңа үлгісі – медициналық қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі

ТМККК жаңа үлгісі – медициналық қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі

14 маусымда Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаеваның төрғалығымен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналаға қауіп төндіретін  аурулардың тізбесін бекіту туралы бұйрықтың жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігі  МӘМС пакетін қалыптастыра отырып, ТМККК жаңа моделін әзірледі. ТМККК шеңберінде кейінге қалдыруға болмайтын медициналық араласуды қажет ететін шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетілетін болады, мемлекеттік араласудың айрықша шаларын қажет ететін ауруларды (туберкулез, АИТВ, психикалық бұзылулар, мінез-құлық бұзылулары, қатерлі ісіктер), негізгі созылмалы инфекциялық емес ауруларды,  айналаға қауіп төндіретін жіті инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу жүргізіледі.

Сондай-ақ, МӘМС шеңберінде де ТМККК-дан тыс мынадай медициналық қызметтер көрсетілетіні  айтылды: қымбат тұратын зертханалық және диагностикалық қызметтер, амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын медициналық көмек және жоспарлы стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емі.

Осы тізбеге кіретін созылмалы аурулары бар адамдар ТМККК шеңберінде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік қамтамасыз етілу мүмкіндігіне және зертханалық және аспаптық диагностикалық зерттеулердің белгілі бір пакетіне ие болады.

Бірқатар аурулардың динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбесіне өткенін ескере отырып, әлеуметтік-мәні бар аурулардың тізбесі қайта қаралды, ол Қазақстанда қазіргі таңда аурулардың 13 тобын қамтиды: туберкулез, АИТВ инфекция, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылулары, балалар церебралдық параличі, жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 ай),  ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы, нерв жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық нерв жүйесінің аурулары, демиелиденген аурулары және орфандық аурулар.

Сонымен бірге, бұйрықтың жаңа жобасында Әлеуметтік-мәні бар аурулардың тізбесінде мынадай аурулар сақталады - туберкулез, АИТВ/ЖИТС, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтық бұзылулар, өйткені бұл арулар медициналық көмекті  және мамандандырылған қызметтердің деңгейінде емдеуді бақылауды қажет етеді.  Әлеуметтік-мәні бар ауруларға медициналық көмек көрсету тәртібі бейініне сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарында көзделген және мамандандырылған медициналық ұйымдарында жүргізіледі.

Әлеуметтік-мәні бар аурулардың оңтайландырылған тізбесіне енбеген аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмекті шектеу жоқ.

Анықтама: Әлеуметтік-мәні бар аурулар – бұл қоғамға залал әкелетін және адамды әлеуметтік қорғауды қажет ететін, айрықша әлеуметтік-экономикалық жағдайларға негізделген ауру.

Әрбір мемлекет әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай көрсетілген тізбені  өзі  айқындайды.