
13 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілінің қатысуымен мемлекеттік органның қызметкерлері үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Өз кезегінде, ҚР АКМ өкілі Әсел Дюсембаева қатысушыларға электрондық құжат алмасу тәртібін түсіндірді және мемлекеттік органдар электрондық құжаттарды жүргізу кезінде кездестіретін өзекті мәселелер бойынша өз баяндамасында толықтай айтып өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Дінмұхамед Қлышпаев қызметкерлерді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты бірқатар заңнамалық актілерге жаңалықтар енгізілетіні туралы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шара мемлекеттік органнның Жауапты хатшысы бекіткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде құқықтық жалпы оқытуды өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін ұйымдастырылды.