«2018 жылғы Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» республикалық конкурсы

«2018 жылғы Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» республикалық конкурсы

2018 жылғы 11 маусымда «Медицина қызметкері күні» кәсіби мерекесін тойлау шеңберінде «2018 жылғы Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» республикалық конкурсы өткізілді.

Республикалық конкурсқа өңірлердің денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкерлері қатысты.

«2018 жылғы Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

1. «Үздік денсаулық сақтау менеджері-ұйымдастырушысы» - Булгацевич Татьяна Борисовна (Қостанай перинатальдық орталығы, бас дәрігер);

2. «Денсаулық сақтау саласының үздік ғалымы» - Муравлева Лариса Евгеньевна («Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК ШЖҚ, Биохимия кафедрасының меңгерушісі);

3. «Денсаулық сақтау саласының үздік жас зерттеушісі» - Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы («А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, бас ғылыми қызметкер);

4. «Денсаулық сақтау саласының үздік әлеуметтік қызметкері» - Қасымова Лаззат Қапасқызы (Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласының «Аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК, әлеуметтік қызметкері);

5. «Медициналық ЖОО үздік оқытушысы» - Мусина Айман Аяшқызы («Астана медицина университеті» АҚ, Гигиена кафедрасының профессоры);

6. «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» - Гибадилова Айжан Мейрамқызы (Көкшетау жоғары медицина колледжі, оқытушы);

7. «Үздік дәрігер» - Сұрашев Нұрсан Сейітұлы (Алматы қ. Денсаулық сақтау басқарамасының «Қалалық кардиохирургия орталығы» МҚК ШЖҚ, кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі);

8. «Үздік ауыл дәрігері» - Финк Евгений Викторович (Қостанай облысы бойынша Денсаулық сақтау басқарамасының «Федоров ауданының орталық ауруханасы» МҚК, хирург-дәрігер);

9. «Үздік мейіргер» - Мырзабаева Нәзира Нұрғалиқызы (МҚК «№5 қалалық клиникалық аурухана» Алматы қ., балалар жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімінің аға мейіргері);

10. «Үздік фельдшер» - Грищук Сергей Игоревич (Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станциясы, фельдшер);

11. «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері» - Дүйсенова Гүлсім Әбішқызы (Павлодар облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, бөлім басшысы);

12. «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы» - Кныш Татьяна Николаевна (Қостанай облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» РМК ШЖҚ филиалының Рудный қаласының бөлімі, бактериолог-дәрігер);

13. «Үздік тәуелсіз сарапшы» - Аутенов Борис Балғабайұлы (Қостанай облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының «Костанай перинатальдық орталығы» КМК, бас дәрігірдің емдеу ісі жөніндегі орынбасары).