
2018 жылғы 8 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қауымдастығының жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, даму жолдары, жаңғырту және қызметтің әлеуетін арттыру мәселелерін талқылаған кезекті отырысы өтті. Медицина қызметкері күнін атап өту құрметіне орай Қауымдастықпен еліміздің өңірлерінің 110 жедел медициналық көмек мамандары марапатталды. Басқарма Төрағасы Қауымдастығының атынан табысты еңбегі үшін, жоғары кәсіби шеберлігі және жедел медициналық көмек қызметінің дамуына лайықты үлес қосқаны үшін қызметкерлерге алғыс хаттар, грамоталар және «Үздік қызметкер» (Үздік қызметкері) құрмет төсбелгілері табысталды.
Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек Қауымдастығының есебінен алғаш рет ҚР жедел медициналық көмек мамандарына шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін сертификаттар берілді. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған жедел медициналық көмек қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының санаториялық-курорттық ұйымдарында сауықтыру емдеуден өту үшін сертификаттар берілді.
Сондай-ақ, "Эйр Астана" АҚ, Қазавиақұтқару" АҚ, "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткені және адамдардың өмірін құтқарғаны үшін алғаш рет " Үздік қызметкер" құрмет төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе алмасуда көмек көрсеткені үшін денсаулық саласындағы халықаралық кеңесші Кевин Фрик төсбелгімен марапатталды.