
Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделінің жобасы шеңберінде бірқатар созылмалы ауруларды диспансерлік есепке алу тобынан белсенді көшіруді жоспарлап отыр.
Динамикалық бақылаудың ерекшелігі ауруды басқару болып табылады, бұл пациенттерді өз жай-күйін бақылау және жақсарту процесіне бастапқы медициналық ұйымның дәрігерімен бірлесіп тартуды болжамдайды. Тиімділігі төмен пассивті диспансерлеумен салыстырғанда науқастардың «өзін-өзі басқаруы» асқынулардың, мүгедектіктің пайда болу қауіптерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл аурулардың профилактикасына, уақтылы диагностикасына және оларды емдеуге жасалатын екпін өлім көрсеткішін 25%-ға төмендетуге алып келеді.
Бұл пациенттің өзі белгілі бір өмір салтын ұстануын, тұрақты түрде қажетті дәрілік заттарды (мысалы, артериалық қысымды төмендету, қандағы глюкоза деңгейін бақылау, бронх демікпесін бақылау үшін) қабылдауын, сондай-ақ өзінің денсаулығын бақылауы (мысалы, артериалық қысымды, қандағы глюкоза деңгейін бақылау, дене салмағын бақылау) білдіреді.
Ауруды басқарудың бұл моделі соңғы 3 жыл ішінде Қазақстанның бірқатар пилоттық облыстарында асқынулардың төмендеуі түрінде өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік мәні бар аурулардың бөлігі енді бақылаудың аталған принципіне ауыстырылатын болады.
Егер қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) тізбесі аурулардың 13 тобын қамтыса, оңтайландырудан кейін 4 топты ғана қалдыру, қалғандарын динамикалық бақылауға ауыстыру жоспарланып отыр. ӘМА жаңа тізбесінде туберкулезді, АИТВ/ЖИТС-ті, қатерлі ісіктерді, психикалық бұзылуларды және мінез-құлық бұзылуларын, яғни бастапқы медициналық буын деңгейінде басқарылмайтын ауруларды қалдыру ұсынылып отыр.
Осыған байланысты, халықтың 70% өліміне және 77% сырқаттануына, қайтымсыз мүгедектікке алып келетін және барынша демографиялық зиян әкелетін, динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы аурулардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл қаржыландырылуы ТМККК шеңберінде жалғастырылатын созылмалы вирустық гепатиттер және бауырдың циррозы, қант диабеті, жіті миокард инфарктісі, ойықжаралы колиттер, артериялық гипертензия, ревматоидтық артрит, бронх демікпесі, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы.
Динамикалық бақылау кезінде диагностикалық қызметтердің қажетті негізгі көлемі, бейінді мамандардың консультациялары сақталатынын атап өту қажет.
Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы кепілдіктер толық көлемінде қалады (ҚР ДСМ 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы).
Созылмалы аурудың асқынуы, ауыр барысы кезінде қажетті медициналық көмек мемлекеттің есебінен тегін ұсынылатын болады.
Әлеуметтік мәні бар аурулар – бұл әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен ерекше үйлескен, қоғамға залал әкелетін және адамды әлеуметтік қорғауды талап ететін аурулар.
Мемлекет басшысының жолдауына (2018 ж.) сәйкес ТМККК-ның жаңа моделі әзірленді, ол әрбір адамға жедел және кейінге қалдыруға болмайтын медициналық көмек беруді, сондай-ақ қоғам үшін мәні бар ауруларға мемлекеттің бақылауын қамтамасыз етуді көздейді.
Жаңа моделді енгізу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекпен үйлестірілетін болады. МӘМС шеңберіндегі қызметтер пакеті әрбір адамның өмір сапасын жақсартуға және келешек ұрпақ үшін негізді қалыптастыруға бағытталатын болады.
ТМККК, әдеттегідей, толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын болады. Одан басқа, мемлекет азаматтардың 10 млн-нан астам жеңілдікті санаты үшін, оның ішінде 6,5 млн-нан астам балалар, 2,2 млн. зейнеткер, балаларды тәрбиелеп отырған 740 мынан астам жүкті әйелдер мен көпбалалы аналар үшін, шамамен 400 мың мүгедек үшін мемлекет жарналарды төлейтін болады, оларға медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін болады.