Жүрекке қамаудағы адамға қалай көмектесуге болады

Жүрекке қамаудағы адамға қалай көмектесуге болады

Біздің әрбіреуіміз қиын жағдайға тап болған адамның денсаулығы өмір мен өлім арасында балансталатын және зардап шегушіге неғұрлым әсерлі көмек көрсету мүмкін болатын жағдайларға куә бола аламыз. Тыныс алу тоқтағаннан кейінгі алғашқы минуттар өте маңызды.  Алғашқы минуттарда басталған жүрек-өкпе реанимациясы жетістікке жетудегі ең жоғарғы мүмкіндіктерге ие.

Кешігудің әрбір кейінгі минуттарында жүрек-өкпе реанимациясының тиімділігі 10% төмендейді.

Реанимация бойынша Еуропа кеңесімен сертификатталған Республикалық санитариялық авиация орталығының тренері көрсеткен базалық жүрек-өкпе реанимациясын оқыту бойынша мастер-класс бейнесі базалық жүрек-өкпе реанимациясын орындауды және автоматты сыртқы дефибрилляторларды қауіпсіз пайдалануды оқыту үшін, сондай-ақ алғашқы көмектің кейбір дағдыларын игерулері үшін халықтың көп қабатына жіберілді.

Мастер-класс алғашқы көмек көрсету кезінде құтқарушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығы, қан айналудың тоқтауының және естің болмауының мүмкін болатын себептері туралы, қан айналымы тоқтаған кезде кеуде компрессиясын және дефибрилляцияны ерте бастау маңыздылығы туралы, көмекті шақыру қағидалары туралы, жүрек жұмысының белгілері туралы, кеуде компрессиясын және жасанды тыныс беру қағидалары туралы, автоматты сыртқы дефибриляторлармен қауіпсіз жұмыс істеу қағидалары туралы теориялық түсінік береді.

Республикалық санитариялық авиация орталығында жұмысын халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асыратын , оның ішінде BLS курсының білім беру бағдарламасы ұсынылған («Basic Life Support» - «базалық жүрек-өкпе реанимациясы») кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларын оқытатын оқыту-тренингтік орталық құрылған.

Қазіргі күні оқыту-тренингтік орталығы құрамына медициналық және медициналық емес тыңдаушылар контингенті кіре алатын тыңдаушыларды жинауды белсенді жүргізіп жатыр. Курсты сәтті аяқтағандарға сертификат беріледі.

Қазіргі уақытта елімізде автоматты сыртқы дефибрилляторларды пайдаланумен жүрек-өкпе реанимациясын оқыту бойынша білім беру бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету болашақта адам өмірін құтқару бойынша заманға сай шараларды уақтылы көрсету арқылы олардың қайтыс болу жағдайларын ең төменгі көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік береді.