Олжас Амангелдіұлы Әбішев Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Олжас Амангелдіұлы Әбішев Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Үкімет қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрінің лауазымына тағайындалды.

Олжас Амангелдіұлы Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. 2004 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Қызылорда мемлекеттік университетін, 2006 жылы магистратура және 2010 жылы «Ақпараттық және коммуникациялық инженерия» мамандығы бойынша Ангдонг Ұлттық Университетінде (Оңтүстік Корея) докторантураны аяқтады. Ақпараттық және комуникациялық технологиялар саласында инженерия ғылымдарының докторы (PhD), Қазақстан Республикасындағы Инновациялар бойынша Президент клубының мүшесі, «Өңірлік инновацияларға арналған ұлттық университет» NURI (Оңтүстік Корея) қауымдастырылған профессор, «Корея ақпараттық және коммуникациялық ғылымдары институтының» (Оңтүстік Корея) тұрақты мүшесі, «Корея интернет ақпараты қоғамының» тұрақты мүшесі (Оңтүстік Корея), 20-дан астам ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласында «Қазвторчермет» ААҚ-де оператор бағдарламашы болып бастады.

2004-2009 жылдары Өңірлік Инновацияға  (NURI) арналған ұлттық университетте профессор ассистенті, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде Man&Tel LTD (Оңтүстік Корея) инженер-әзірлеуші болып жұмыс істеді. 

2010-2011 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мобильді сараланған станция бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Электрондық үкімет құзыреті орталығының бас талдаушысы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ  жанындағы «Демеу УМХ» ЖШС Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президент істерін басқару медициналық орталығының жанындағы «Медициналық технологиялар және ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ ақпараттық жүйелер бойынша кеңесші болып жұмыс істеді.

2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Алдыңғы қатарлы технологиялар және инновациялар департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде О.А. Әбішев денсаулық сақтауды ақпараттандыруды қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.