2018 жылғы 6 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

2018 жылғы 6 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай. Оның 13-і өліммен аяқталған: Алматы қ. – 6 жағдай, Алматы облысында – 4 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында- 2 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр.

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін —жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.