
Алматы қаласында БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігі мен Халықаралық Ақпараттық Технология университетімен (ХАТУ) бірлесіп ұйыдастырған «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау экожүйесін цифрландыру. Блокчейн» тақырыбында өткен хакатон қорытындыланды.
Хакатонда Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан 20 команда, сондай-ақ, Қырғызстаннан екі команда қатысты, олар 6 университет, азаматтық қоғам және бизнес-инкубаторлар атынан өкілдік етті.
Қатысушылар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бойынша дәрігерге цифрлық операциядан кейінгі мониторинг жүргізуге арналған веб-платформарды және мобильді қолданбаны жасау, сондай-ақ фармацевтикалық дәрі-дәрмектің жеткізілімін тексеру үшін инновациялық жобаларын ұсынды.
Қазақ-Британ техникалық университетінің «Mountatin peak» атты командасы «Glukie» жобасымен - диабетпен ауыратын балаларға арналған мобильді қосымша және балаларға арналған глюкометер жүйесімен бірінші орын алды. Жобалары ең жақсы деп танылған үш команда ақшалай сыйлықтар және өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
ЮНИСЕФ-тің серіктестік жөніндегі маманы Раушан Ибрашеваның айтуынша, ЮНИСЕФ үшін хакатон сияқты оқиғалар өте маңызды, өйткені біз оны жаңа таланттарды табуға және қолдауға арналған әдіс деп есептейміз. Мұндай іс-шараларға жастардың қатысуы тек олардың мүмкіндіктерін кеңейту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ балаларға ең тиімді нәтиже беру мақсатында инновацияға байланысты Қазақстандық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді».
Аталған шара денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің инновациялық шешімдерін ілгерілететінін атап өту керек.