
Женева қаласындағы 71-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының шеңберінде «Парламентшілердің денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудегі және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық қауіпсіздіктегі рөлі» тақырыбында техникалық брифинг өтті. Брифингте ДДҰ бас директоры, д-р Тедрос Гебрейесус және ДДҰ қатысушы елдерінің заңнамалық органдарының өкілдері қатысты.
Техникалық брифингтің барысында ҚР Парламентінің Сенаторы, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеттің хатшысы Серік Бектұрғанов сөз сөйледі.
Өзінің баяндамасында ол денсаулық сақтау саласындағы жаһандық қауіпсіздікке арналған ББҰ-ның тұрақты дамуының он жеті мақсатынан үш мақсатының маңыздылығын атап айтты: бірінші мақсат – «Қайыршылықты жою», үшінші – «Жақсы денсаулық және амандық» және алтыншы - «Таза су және санитария». Ол үшін Қазақстанда тиісті заңнамалық базамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған нысаналы Бағдарламалардың бірқатары іске асырылып жатқанын атап кету қажет.
Сонымен қатар, Серік Бектұрғанов «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңды қабылдау туралы және оны енгізуге дайындық бойынша жұмыс туралы айтты.
«Біз 1978 жылы ДДҰ-ның және БҰҰ Балалар Қорының басшылығымен Қазақстанда, Алматы қаласында әлемнің 154 елінің жиналғандығын және бірлесіп белгілі Медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы Алматы декларациясын қабылдағанын мақтан тұтамыз, дәл осы декларация бүгінгі таңда өзінің өзектілігін жоғалтпай Баршаның денсаулыққа қол жеткізуге ұмтылуының негізін қалады. Соған байланысты, Қазақстанның атынан Сіздерді биылғы жылдың 25-26 қазанында біздің елордамыз Астана қаласына Алматы Декларациясының 40 жылдығына орайластырылған Жаһандық конференцияға шақырамын!» - деп түйіндеді өзінің баяндамасында Парламенттің Сенаторы.