
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызмет алушылармен тікелей қарым-қатынасты талап ететін бірқатар мемлекеттік қызметтерді алып тастады. Атап айтқанда, «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметіне қызмет берушіні алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілген, яғни құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру «электрондық Үкімет» порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Қорытындысында мемлекеттік мекемемен қызмет алушының арасындағы тікелей байланыс алып тасталынады.
Бұған қоса, «Шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік мекеменің (Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жергілікті бөлімшелері) кеңсесінен құжаттарды қабылдау қызметі алып тасталды, яғни құжаттарды қабылдау және беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Тиісті бұйрыққа «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2018 жылғы 1 наурызда қол қойып ағымдағы жылғы 30 сәуірде күшіне енді.