Санитарлық авиация жыл басынан бері еліміздің бес жүзден астам пациенттерін тасымалдады

Санитарлық авиация жыл басынан бері еліміздің бес жүзден астам пациенттерін тасымалдады

Ағымдағы жылғы 4 айда еліміздің санитариялық авиация қызметімен 530 ұшу жүзеге асырылды. Аталған кезеңде 615 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 616 медициналық қызмет көрсетілген, оның ішінде: 533 пациент тасымалданған (86,5%), 57-не кеңес берілген (9,3%) және 26 ота жасалған (4,2%). Сондай-ақ, донорлық мүшелерді тасымалдау мақсатында 2 ұшу жүзеге асырылған.

Санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсетудің негізгі себептері: қан айналымы жүйесінің аурулары (24,8%), балалар жасындағы патология (23,1%), жарақат, оқыс жағдайлар және улану (18,7%), жаңа туған нәрестелер патологиясы (17,1%), акушерлік-гинекологиялық патология (10,2%) және өзге де аурулар (6,1%).

Ең көп санавиация ұшулары өңірлер ішінде жүзеге асырылған - (63,6%), Астана қаласынан 26,6% ,Алматы қаласы 9,8% ұшу жүзеге асырылған.

Бұған қоса, шетелде ауыр жағдайға қалған ҚР азаматтары мен оралмандарға халықаралық тасымалдаулар ұйымдастыру қажеттілігі бар. Осылайша, 2018 жылдың басынан бері отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін ҚР санитариялық авиация күшімен шетелдік емханалардан Қазақстан Республикасының 6 азаматы тасымалданған. 2011 жылдан бері ҚР санитариялық авиациясымен жақын және алыс шет елдерден (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т. б.) ҚР 46 азаматы тасымалданды.

Санитарлық авиация медициналық көмектің шұғыл түрі болып табылатынын атап өту қажет. Соған байланысты, санитариялық авиация халықаралық тасымалдау (көшіру) шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр халде жатқан және елге шұғыл тасымалдауды қажет ететін ҚР азаматтарына және оралмандарға қатысты ғана қолданылады. Санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсетуді, соның ішінде халықаралық тасымалдауды қаржыландыру мемлекеттік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасынан шетелдік медициналық мекемелерге емделуге пациенттерді тасымалдау талаптары «Бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен реттеледі. Бұл жағдайда бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелге емделуге жіберу комиссия қорытынды негізінде аурулардың тізбесі мен азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес жекелеген уәкілетті ұйыммен жүзеге асырылады.

Санитарлық авиация күшімен көмек көрсетілетін пациенттердің басым бөлігі – бұл ауыр жарақаттары, соның ішінде жол-көлік оқиғалары салдарынан алынған жарақаттары бар пациенттер, балалар мен жаңа туылған нәрестелер, жүкті әйелдер және жүрек-қантамырлары патологиясы бар пациенттер. Осындай жағдайда, тиісті медициналық ұйымның жедел және қауіпсіз тасымалдауы пациенттің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін өте маңызды талап болып табылады. Орналасқан жері бойынша медициналық ұйымдарда медициналық жабдықтардың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың жоқтығынан  көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайдағы ҚР шалғай аудандары тұрғындарына  уақытылы және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін санитариялық авиация күшін  тарту қажеттігін ескереміз. Басқа сөзбен айтқанда, шұғыл оқиғалар туындаған жағдайда, санитариялық авиация орналасқан жері және жолдың қиындығына қарамастан әрбір мұқтаж науқасқа әуе көлігін пайдалана отырып барынша жылдам және сапалы медициналық көмек көрсетуді көздейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету негіздері:  медициналық көмектің қиын қол жетімділігі немесе алыстығы, орналасқан жері бойынша  медициналық жабдықтар немесе білікті маманның жоқтығынан медициналық көмек көрсету мүмкіндігінің болмауы, көліктің  басқа да түрлерімен медициналық көшіруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін ауқымды оқиғалар кезіндегі медициналық көмек қажеттілігі,  оқиға орнына білікті мамандарды жеткізу, шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр халде жатқан ҚР азаматтарын және оралмандарды тасымалдау, медициналық салдарымен  төтенше жағдайлар кезінде биоматериалдарды тасымалдау, медициналық-санитариялық салдарды жою бойынша төтенше жағдайлар орнына  медициналық санитариялық авиация бригадасын жеткізу, медициналық жабдықтар немесе білікті маманның жоқтығынан пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету үшін білікті мамандарды  жеткізу болып табылатынын атап өту қажет.        

Анықтама үшін: Санитариялық авиация қызметі жұмысын бастағаннан бері (2011 жылдан бері) 11639 ұшу, 14 506 пациентке көмек көрсетілді, 57 донорлық органдарды тасымалдау жүзеге асырылған.