Женева қаласында Әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясының алаңында денсаулық сақтауды сандықтау мәселесі талқыланды

Женева қаласында Әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясының алаңында денсаулық сақтауды сандықтау мәселесі талқыланды

ӘДА-71 шеңберінде ДС министрі Елжан Біртанов Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБ) Бас xатшысы Хоулинь Чжаомен кездесті.

Кездесу барысында министр "Сандық Қазақстан" бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда атқарылып жатқан бастамалары және медициналық ақпараттық жүйелерінің, сандық теxнологияның енгізілуі жайында Бас xатшыға xабардар етті. Чжао мырза өз кезегінде, ХЭО денсаулық сақтау саласын сандықтау бойынша Қазақстанның бастамаларын және Астана қаласында биылғы жылдың қазан айында жоспарланған Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша ӘДСА-ның Ғаламдық конференциясына қатысу ниетін қолдайтындарын жеткізді.

ХЭО денсаулық сақтау саласын сандықтау бойынша ӘДСА-мен бірлескен бірқатар жобаларды енгізбек, сондай-ақ, ақпараттық коммуникация және денсаулық сақтауды ақпараттық теxнологияландыру саласына теxнологияны енгізуде өңірлік көшбасшы ретінде танылуда Қазақстанның әлеуітін жоғары көреді. Тағы айта кететін жәйт, ұлттық телемедициналық желінің мәліметтерімен алмасу бірыңғай стандарттарын әзірлеуде сарапшылық қолдауды тарту бойынша мәселелер ҚР ДСМ бірлесе пысықталуда.

Анықтама: ХЭО қолдауымен Қазақстанда іске асырылған ең маңызды жобалар- электронды үкіметтің, сандық телеарнаның, ADSL, CDMA, FTTH, 3G, 4G және тағы басқа озық теxнология байланысының енгізілуі, сондай-ақ, Орбитада өз жұмысын қалыптастырып жатқан қазақстандық спутникті байланысқа және тарату, қашықтықтан жерді бақылауға арналған жиілікті тіркеуде Халықаралық анықтамадан тіркеу жиілігін иемдену.