
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде саланың 2018 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы және ағымдағы жылға қойылған тапсырмалар бойынша Алқа отырысы селекторлық режимде өтті.
Іс-шараға Алқа және Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары қатысты.
Алқа отырысында «ТМККК жаңа моделі» және «ҚР онкологиялық аурулармен күрес бойынша 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары» жобалары таныстырылды.
Бұдан басқа, онкологиялық аурулар, жіті миокард инфаркті және жіті инсульт, жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің 2017 жылдың және 2018 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ықпалдастырылған моделін енгізудің үйлестіру кеңесі қызметінің қорытындысы қарастырылды.
«ҚР онкологиялық аурулармен күрес бойынша 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары» жобасын таныстыру барысында еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова бұл жоспардың міндеттеріне мыналар: алдын алу және тәуекел факторларын басқару, онкологиялық аурулардың жоғары сапалы ерте диагностикасы, онкологиялық көмек көрсетудің кіріктірілген моделін енгізу, онкологиялық көмекті цифрландыруды дамыту және кадрлық әлеуетін және ғылымды дамыту кіретінін атап өтті.
Сондай-ақ, онкологиялық аурулармен күрес бойынша кешенді жоспар шеңберінде онкологиялық аурулардың алдын алу, қауіп-қатер факторлары туралы халықтың хабардар болуын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Жоғары сапалы ерте диагностика ПЭТ орталықтарын ашу, ядролық диагностиканы, жеке молекулярлық-генетикалық тестілеу жүйесінің дамуына телепатология және телеконсультацияны енгізу", – деді ҚР бас онкологы.
Сонымен қатар, Диляра Қайдарованың айтуынша онкологиялық көмекті көрсетудің интеграцияланған моделі нормативтік-құқықтық базаны және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, жаңартылған сәулелік терапияны енгізу, онкологиялық ауруларды емдеуде инновациялық емдеу әдістерін енгізу, сүйек кемігін трансплантациялау қажеттілігін қамтамасыз ету, оңалту және паллиативтік көмекті енгізу, онкологиялық көмекті цифрландыру және барлық медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен арқылы іске асырылады. Онкологиялық көмек 3 деңгейде, мультидисциплинарлы көзқарас көп бейінді клиникалардың жағдайында, жеке меншік медициналық ұйымдардың қатысуы принципы бойынша көрсетілетін болады.
Бұдан басқа, «ТМККК жаңа моделі» жобасымен таныстыра отырып «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ атқарушы директоры Серік Тәңірбергенов, Мемлекеттік басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады деп, денсаулық сақтауды одан әрі дамытудың негізгі басымдықтарын айқындап берді.
Атқарушы директордың айтуы бойынша, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі бірқатар жалпы әлемдік үрдістер ықпалында. 2025 жылы медициналық қызметтерді аса қарқынды тұтынушылар қарттар мен балалар есебінен халық санының өсуі және жас ерекшеліктері құрамын өзгерту күтілуде. Халықты мүгедектікке және өлім-жітімге әкелетін созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу, онкологиялық аурулар және т. б.) жоғары болып қалуда.
Профилактикалық іс-шаралардың, зиянды факторлардың төмен тиімділігі, сондай-ақ созылмалы ауруларын өзін-өзі бақылау дағдылары болмау нәтижесінде шұғыл стационарлық көмек жоғары деңгейде қалып отыр (68% 2,9 млн. жағдайларды 2017 жылы). Жалпы алғанда, стационарлық көмек алатын тұтынушылардың 46% - ы экономикалық тұрғыдан енжар халық, оның ішінде: балалар – 13%; мүгедектер - 5%; - зейнеткерлер -15%, және басқалар. Осы санаттағы халыққа стационарлық көмек қаражатының 47% - ы тиесілі – деді ол.
Осыны ескере отырып, медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі ұсынылады: ТМККК, МӘМСҚ және өзге де қаржыландыру көздері. Ең төменгі әлеуметтік стандарт – ТМККК бағытталған шұғыл көмек және кезек күттірмейтін жағдайларда, сондай-ақ ауруларды бақылау ӘРБІР АДАМ үшін маңызды. Бұл - барлық санаттағы азаматтарды МСАК тең дәрежеде қол жеткізуі; төтенше жағдайлар кезінде қажет ететін медициналық көмек, кезек күттірмей медициналық араласу; диагностика және емдеу, әлеуметтік-маңызды аурулардың негізгі созылмалы жұқпалы емес аурулардың, басқарылатын БМСК деңгейінде; қоршаған орта үшін қауіпті жіті инфекциялық аурулар.
МӘМСҚ жүйесі сақтандырылған азаматтарға кепілдік береді (ТМККК-ден тыс) – екінші пакеті: ӘР АДАМНЫҢ өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек, сондай-ақ БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ негізін қалайтын көмек. Бұл – қымбат тұратын зертханалық және диагностикалық қызмет көрсету; аурулар кезінде ТМККК қамтылмаған амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; кең стационарды алмастыратын медициналық көмек; жоспарлы стационарлық көмекті қоспағанда, ТМККК; қалпына келтіру емі және медициналық оңалту. Үшінші пакет – қосымша көлемі (басқа да қаржыландыру көздері).
Сөзін қорытындылай келе Серік Тәңірбергенов мемлекеттің, азаматтардың, медқызмедкерлердің және медициналық ұйымдардың нақты міндеттемелерінің шегіне тоқталды.