
ҚР Денсаулық сақтау министрі, д-р Елжан Біртанов және Швейцариядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанар Айтжанова ДДҰ Бас директоры, доктор Тедрос Адхан Гебрейесуспен кездесті.
Тараптар заманауи тегеуіріндерді, Декларация жобасындағы Қазақстанның нығайтылған ұсыныстарын ескере отырып, Конференцияны өткізу жөніндегі қолданыстағы қорытынды құжатты қабылдауда Қазақстанның бастамаларын растау жөніндегі мәселелерді талқылады. Министр мемлекеттер мен ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларының қатысуымен конференцияны өткізудің саяси деңгейін қолдау ұсынысымен сөз сөйледі.
Елдің бас дәрігері доктор Тедрос Гебрейесуске Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мақсатында ҚР мен ДДҰ-ның арасындағы динамикалық және сәтті әріптестік ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Министр Конференцияны өткізу бүкіл әлемде МСАК-ты одан әрі дамытуға серпін беретінін және заманауи жаһандық денсаулық сақтау саласында Қазақстанның жаңа рөлін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті, сондай-ақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының шеңберінде (2018 жылғы 26-28 мамыр, Женева қаласы) Конференция мәселелерін талқылау бойынша қосымша сессия өткізу туралы ұсыныс берді.
Алматы Декларациясының 40 жылдығына арналған (2018 жылғы 25-26 қазан) Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету мәселесі бойынша Жаһандық конференцияның қарсаңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтерінің базасында Женевада бүгін халықаралық консультациялық топтың бірінші отырысы өтті.
Осы іс-шараның шеңберінде Министр Елжан Біртановтың атынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас директордың көмекшісі Наоко Ямамотоның атынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Еуропа және Орталық Азия бойынша Офистің өңірлік директоры Афшан Ханның атынан БҰҰ-ның Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) арасында Ниеттер туралы меморандумға қол қойылған болатын. Ниеттер туралы меморандумда Конференцияның тұжырымдасын әзірлеу, барлық өнімдері мен дайындық материалдарын пысықтау, коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдары бойынша стратегияны әзірлеу, Конференцияға дайындықты ұйымдастыруаралық үйлестіру мәселелері және басқалар сипатталған.
«Декларацияны жаңарту біздің пайымымызды және жоспарларымызды жаңарту үшін қажетті қадам болып табылады деп саймыз. Декларацияға қосу қажет жаңа парадигмалар, цифрлық және технологиялық мүмкіндіктер бар. Халықтың денсаулығы туралы бастапқы қамқорлық әрқашанда денсаулық сақтау жүйесінің флагманы болуы тиіс. Қазақстан үздік практикалар мен инновацияларды белсенді енгізеді, сондай-ақ адами капиталға цифрландыру мен инвестициялар арқылы технологиялық жаңартуды қолдайды.», - деді өзінің кіріспе сөзінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Сонымен бірге, Женевада Елжан Біртанов - Global Drug Facility (GDF) ұйымының, «Туберкулезді тоқтату (STOP TB)» әріптестігінің басшысы Брэнда Ванинг (Brenda Waning) ханыммен кездесті. Global Drug Facility (GDF- ТБ дәрі-дәрмектері бойынша жаһандық әріптестік) «STOP TB» әріптестігінің ең маңызды қағидаттарының бірі болып табылады, ол 2001 жылы жоғары сапалы туберкулезге қарсы препараттарға қолжетімділікті кеңейту үшін құрылған.
Ол Қазақстанда туберкулезбен күрес проблемасына бірінші кезекте көңіл бөлінетінін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның GDF арқылы туберкулезге қарсы препараттарды алуға өтінімдер беруге мүдделілігін және өндірушілер мен олардың елдегі өкілдері арқылы Қазақстанда препараттарды (жаңа препараттар мен туберкулезге қарсы препараттардың педиатриялық мөлшерлері) тіркеу мәселелері бойынша елді қолдау мүмкіндігін білдірді.