ҮЕҰ-мен кездесу

ҮЕҰ-мен кездесу

2018 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан  Амантайұлы  Біртановтың денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі ҮЕҰ- ның өкілдерімен кездесуі жоспарланған, кездесу барысында халықты дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қарастырылады.

Осыған байланысты  үкіметтік емес сектор өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз және ағымдағы жылғы 18 мамырға дейін қатысуыңызды растауды,   сондай – ақ кездесудің тиісті тақырыптары бойынша ұсыныстар мен сұрақтардың тізбесін  a.zhambaeva@mz.gov.kz, f.kadyrzhanova@mz.gov.kz электрондық почта мекенжайына (хаттың тақырыбы  «ҮЕҰ-мен кездесу» көрсетіп)  жіберуіңізді сұраймыз анықтама үшін телефон 74-35-18, 74-35-44.

 Кездесудің өтетін уақыты мен орыны туралы ақпарат қосымша хабарланады.