М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің проректоры тағайындалды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің проректоры тағайындалды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің Стратегиялық даму және xалықаралық серіктестігі жөніндегі проректоры болып Агниешка Малинска тағайындалды.

Агниешка Малинска медицина ғылымдарының докторы, К.Марчинковский атындағы (Польша) Познан медициналық университетінің гистология және эмбриология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2016 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің стратегиялық серіктестігі Познан медициналық университеті болып анықталғанын да айта кеткен жөн. Стратегиялық серіктестіктің аясында 2016 жылдың 1 маусымында аталған оқу орындар өзара әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

БҚММУ жаңа құрылымына сәйкес,  жаңа тағайындалған проректор білім саласында медициналық ғылымдарын біріктіру, xалықаралық серіктестік, стратегиялық даму мәселелерін жетекшілікке алатын болады.

Агниешка Малинска Польша, Яроцин қаласында 1977 жылы 24 қазан айында дүниеге келген.

2017 жылдан осы уақытқа дейін Познан медициналық университетінің гистология және эмбриология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биомедицина ғылымдарының докторы.

2016 жылдан осы уақытқа дейін Зеленогурск университетінің анатомия және гистология кафедрасының биомедициналық ғылымдарының қауымдастырылған профессоры.

2015-2016 жж Польша, Зеленогурск университетінің гистология  кафедрасының жетекшісі.

2011 жылы Познан университетінің аға оқытушысы қызметін атқарған.

2001 -2010 жылдары аралығында Познан университетінің (доктор дәрежелі) аға ассистенті қызметін атқарған.

2001 жылы биотеxнология бағыты бойынша табиғи ғылымдары факультетін тәмамдаған, дәрежелі, сондай-ақ, Познан университетінің биотеxнология саласының магистрі.

Анықтама: "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ҚР медициналық және фармацевтикалық университетіне басқарушылық бағытта шетелдің жетекші мамандарын тарту жоспарлануда.