КВИ ауруының өсуі барлық аймақтарда тіркелген - М. Шоранов

КВИ ауруының өсуі барлық аймақтарда тіркелген - М. Шоранов

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов сөз сөйлеп, «Дельта» штаммының таралуына байланысты елімізде коронавирустық инфекция аурушаңдығының артқаны туралы хабарлады.

 

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта. Қызыл аймақта 9 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау облыстары. Сары аймақта 6 өңір, жасыл аймақта 2 өңір.

 

Әлемде «Дельта» штаммының таралуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді.

«2021 жылдың 1 шілдесіне Үнді штаммын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілді. Нәтижелері бойынша 48,3% үнді штаммы барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды. «Дельта штаммының» таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша барлық өңірлерде аурушаңдықтың өсуі байқалады.  Ауру 1,9 есе өсті», - деп атап өтті  Марат Шоранов. Коронавирустың «Дельта» штаммының жұқпалылығы өте жоғары және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы болып келеді, орта есеппен 1 адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан - 3-4 адам, 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

 

Қазақстан Республикасында 8 шілдедегі жағдай бойынша төсек қорының жұмыспен қамтылуы 37%-ды, реанимациялық төсектер 32%-ды құрайды. Сондай-ақ, бірінші вице-министр қазіргі уақытта Ashyq жобасына барлық қызмет салаларының 13 мыңнан астам нысаны кіргенін, 4 млн-нан астам пайдаланушы тіркелгенін айтты. Сонымен қатар, «қызыл» және «сары мәртебесі» бар адамдардың үйде оқшаулау режимін сақтамау, халық көп жиналатын объектілерге бару әрекеттері, ел ішінде қозғалу фактілері, осылайша басқаларға жұқтыру қаупін тудырады және коронавирустың таралуына ықпал етеді.

 

«Ashyq арқылы енгізілген сәттен бастап шамамен 12 000 карантин бұзушы анықталды, оның ішінде 5 959 науқас ПТР тестінің оң нәтижесімен және 5 770 байланыста болған адам. Науқастарға және вакцинацияланбаған байланыста болған адамдарға міндетті үй карантині белгіленеді. «Мерекелік демалыс алдында сайттағы QR тест арқылы ауырғандарды анықтау жоғарылады, Аshyq.kz. шілде айының басында сайт арқылы онлайн мәртебесін тексеру кезінде ashyq.kz «қызыл» мәртебесі бар 1 382 тұлға анықталды», - деді Марат Шоранов.

 

Осыған байланысты Министрлік «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық объектілерге бару кезінде осы жүйелер «Қызыл» мәртебесі бар адамдардың тіркелу фактісін растау болып табылатын қағидаларды бекітті және олар күшіне енді. Яғни, егер азамат өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және айналасындағыларға жұқтыру қаупін тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Бірінші вице-министр бизнес субъектілері өз объектілерінде халық үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Ashyq жобасына енгізу кезінде қойылатын шектеу шаралары мен талаптарды қатаң орындауға міндетті екенін атап өтті.

 

Сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі шаралардың бірі вакцинация болып табылады. Бүгінгі күні вакцинаның 6,3 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 4 020 128 адам егілді, бұл тиісті халықтың 40,6%-ын құрайды. Екінші компонентпен 2 283 761 адам қамтылды. Егу пункттерінде шамамен 776 мың бірінші компонент және 1 млн 400 мың екінші компонент бар. М. Шоранов соңғы апталарда вакцинацияның өсу қарқынын атап өтті, орта есеппен республика бойынша тәулік сайын шамамен 80-100 мың адам егілетінін айтты.