ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2018 жылы алда тұрған міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев қатысты. Сондай-ақ, Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, алқа және Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдердің орынбасарлары, аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоға бағынысты мекемелердің, аймақтық департаменттердің басшылары және т.б. шақырылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз сөзінде мемлекет басшысының халыққа биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша қойған міндеттеріне тоқталды.

Министр дәрілік саясат саласында фармацевтикалық өндірісте отандық өндірушілерді қолдау бойынша шаралар қолданынылып жатқанын атап өтті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық өндірістік секторда өндірістің өсуі фармацевтикалық өндірістің 42%-ға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. 2017 жылы отандық өндірушілерден дәрілік заттар 17%-ға көп (398 атаудан 478-ге дейін) сатып алынды, нәтижесінде 17,3 млрд теңге үнемделді. 2017 жылы отандық өндірушілермен 827 дәрілердің атаулары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу бойынша 25 ұзақмерзімді келісім-шарттар жасалды. Амбулаторлық деңгейде тегін дәрілерге қолжетімділік кеңейтілді. 2017 жылы дәрілермен 2,5 млн. науқас 91,5 млрд. теңгеге қаматамасыз етілді, 2018 жылы 3,8 млн. науқас 128 млрд. теңгеге қамтамасыз етілетін болады. Бірыңғай дистрибьютордың қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілді, барлық сатып алулар онлайн түрінде трансляцияланады,  сатып алу процедурасы жетілдірілді. Барлық дәрі-дәрмекті кезең-кезеңмен реттеу, дәрілерді тіркеу процедурасын өзгерту, электрондық таңбалау жүйесін енгізу және барлық дәрілерді қадағалау бойынша заң жобасы әзірленді.

Елжан Биртанов ел Президентінің бәсекелестік ортаны және жекеменшік секторын дамыту жөніндегі тапсырмалары орындалғанын жеткізді. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу тәртібі қайта қаралды. Бизнес үшін мемлекеттік реттеуді қысқарту және кедергілерді жою нәтижесінде жекеменшік қызмет берушілерден медициналық қызметтерді сатып алу үлесі 2017 жылы 8%-дан 2018 жылы 13%-ға дейін өсті - ақшалай 49,7 млрд. теңгеден 86 млрд. теңгеге дейін 73%-ға өсті. Қоғамдық денсаулық сақтау үшін дәлелді базасы жоқ 29 ескірген санитарлық ережелер жойылды. 9 санитарлық ережелер қайта қаралды. Бизнесті тексеру 1,7 есеге азайды, тексеруден 34,5 мың нысан босатылды. 2017 жылы денсаулық сақтау саласына инвестициялар көлемі 91,4 млрд. теңге құрады және 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 49,8%-ға өсті. Бұл Қазақстан экономикасы салаларының арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады. 2016 жылмен салыстырғанда жеке инвестициялар үлесі 90%-ға (с 23,3 млрд. теңгеден 44,2 млрд. теңгеге дейін) өсті

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында 2019 жылы жұмыстың қағазсыз форматына көшуге мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер енгізіледі. 2016 жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарды медициналық ақпараттық жүйемен қамту 2 есеге артты; 2,4 есеге компьютерлермен қамтамасыз ету өсті; 19%-ға Интернет желісіне қолжетімділік артты. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында және 4 ведомствоға бағынысты мекемелерде медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау платформасын және электрондық паспорт құру аяқталуда.

Министрлік қысқа мерзімде денсаулық сақтау саласының басымдылықтарын белгілейтін «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 7 негізгі бағыттарын іске асыру үшін жобалық тәсіл енгізді. Қосымша 6 бастамадан тұратын «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда.

2017 жылдың қорытындысы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштер жақсарды: жалпы өлім-жітім 3,1%-ға, нәрестелердің  өлім-жітімі 6,2%-ға, аналардың өлім-жітімі 5,5%-ға, қан айналымы жүйесінен өлім-жітім 1,8%-ға, қатерлі ісіктерден өлім-жітім 5,3%-ға және  туберкулезден өлім-жітім 11,8%-ға төмендеді. Қазақстандықтардың жалпы өмір сүру ұзақтығы 72,4 жасты құрады.

Өткен жылы аурудың алдын алу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Орталық және өңірлік деңгейлерде қоғамдық денсаулық қызметі құрылды. 3 мемлекеттік кәсіпорынды қосу жолымен Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы құрылды. Ұлттық скринингтер бағдарламасын жетілдіріп жатырмыз. 2017 жылы 11 миллионнан астам скринингтік тексеріс өткізілді. 806 мың адамда сырқат табылды, және олардың 46 пайызы диспансерлі бақылауға алынды. Халықаралық сарапшылардың кеңесі бойынша, скринингтің төрт түрі тиімсіз болғандықтан, тоқтатылды. Алайда, скринингтен өтетін адамдардың жасы ұлғайтылды және қаралудың жиілігі артты. Тұрғындардың иммунопрофилактикамен қамтылуы 2017 жылы 97%-ды құрады. ДДСҰ ұсыныстары бойынша 95% қамтылуы тиіс (вакцинациялау 21 инфекцияға қарсы жүргізіледі). Салауатты тамақтану дағдыларын енгізу үшін оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.  

Отбасылық медицинаны күшейтумен қоса, халық пікіріне сәйкес, педиатриялық қызметті дамыту шешімі қабылданды. Ол үшін алты жасқа дейінгі балаларды қарайтын педиатр учаскелері ашылып жатыр.

Жедел жәрдем көмегінің сапасын жақсарту үшін 2017 жылы жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа ережесі бекітілді. 4-санатты шұғыл емес шақырулар емханаларда құрылып жатқан бөлімшелерге берілуі керек. Жедел жәрдем машинасының сыртқы түсіне және дыбысына талаптар қойылды.

МӘМС жүйесін енгізуге дайындық жүргізу мақсатында 2 Заң қабылданды. Үкімет Әлеуметтік медициналық сақтандыруды 2019 жылдан бастап енгізу туралы ұсыныс жасағаны белгілі, және ол ұсыныс Президент қолдауын тапты. Медициналық сақтандыру жүйесіне көшу үшін биыл үлкен жұмыстар алда тұр. Жаңа тегін көмек үлгісі мен сақтандыру пакетін әзірлеу жұмысы басталды; заңнамалық жұмыс; тарифтерді қайта қарау; белсенді цифрландіру және ауқымды ақпараттандыру жұмысы басталды.

Мемлекеттік бағдарлама мен денсаулық сақтау саласындағы реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін 2018 жылға тапсырмалар белгіленді. Бұл қоғамдық денсаулықты нығайту бойынша  әзірленген жоспарлар; МӘМС жүйесін енгізуге дайындық; денсаулық сақтауды цифрландыру,  дәрі-дәрмек бағасын реттеу және одан әрі отандық фармацевтикалық индустрияны дамыту туралы Заң қабылдау; дербестендірілген медицина бойынша Ұлттық ғылыми жобаны іске асыру;  онкологиялық аурулармен күрес жөнінде кешенді жоспарды қабылдау, сонымен қатар, Астана қаласында онкологиялық ғылыми орталығын құру және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының жаңа редакциясын әзірлеу.