
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дүниежүзілік Банк тобымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан 2016 жылғы қарашада ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік Қайта құру және Даму Банкі арасында қол қойылған қарыз келісімі аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының ресми іске қосылу шарасы өтті.
Осыған орай алғы сөз Денсаулық сақтау министрі Елжан Биртанов пен Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браунға берілді.
Елжан Биртанов өз сөзінде атап өткендей, денсаулық сақтаудың қызмет көрсету жүйесіндегі тиімділігін арттыруға бағытталған аталмыш жоба Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жасалып жатқан жүйелі және институционалдық өзгерістердің жалғасы болып табылады.
ҚР-ның Денсаулық сақтау басшысы жаңа жобадағы басым міндеттердің қатарында МӘМС-пен (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) қатар Бірыңғай денсаулық сақтау инфрақұрылымы жоспарын жүзеге асыруды, қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің қалыптасуына көмектесуді, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті күшейтуді, жедел медициналық жәрдем, медициналық білім беруді, денсаулық сақтау саласын цифрландырылуын жетілдіру екенін атап өтті.
«Денсаулықты әлеуметтік сақтандыру жобасы Қазақстан үкіметіне медициналық қызметтердің қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыруға және денсаулығы нашар адамдар үшін қаржылық тәуекелдерін азайтуға қолдау көрсетуге бағытталған», - деді Ато Браун. Ол өз сөзінде атап өткендей, мұндай ірі реформалар басқа секторлардың қатысуынсыз сәтті жүзеге аспайды, сондықтан басқа да министрліктер мен азаматтардың қолдауы қажет.
Осылайша, әлеуметтік медициналық сақтандырудың Ұлттық жүйесін нығайту бойынша бірінші компонент аясында Медициналық сақтандыру қорына кірісті болжау мен тәуекелділікті басқаруда, тариф саясатын жетілдіруде, ТМККМ (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және медициналық көмектің сақтандыру пакетінің мөлшерін, ақпараттық жүйелерді біріктіру және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау тетіктерін енгізуде қолдау көрсету жоспарлануда.
Екінші компонент қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің (ҚДҚ) қалыптасуына көмектесуді, қолданыстағы емханалар негізінде 16 алдыңғы қатарлы орталықтарды құру мен жабдықтауды және медициналық алғашқы көмек мамандарын халықаралық талаптарға сәйкес оқытуды көздейді. Сондай-ақ, жоба қорының есебінен стационарлық және амбулаториялық-емханалық қызметті реструктуризациялау, медициналық ұйымдарды (стационарлардың қабылдау бөлімдері, емханалар) клиникалық хаттамалардың ұсыныстарына сай медициналық құрылғылармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қайта жабдықтау жоспарлануда.
Жоба міндеттерінің бірі Қазақстанның барлық өңірлеріне Сырқатты басқару бағдарламасын (СББ) енгізу, сонымен қатар СББ емделушілерін қадағалау бойынша 200 емхананы медициналық және зертханалық құрылғылармен жабдықтау болып табылады.
Шетел медициналық жоғары оқу орындары және колледждерімен стратегиялық әріптестіктің есебінен саланың кадрлық әлеуетін күшейту мәселесінің шешу жоспарлануда. Мұнда ең негізгі жаңалық университеттік емхананың жаңа үлгісі мен барлық деңгейлі білім беру бағдарламасын қалыптастыру, дәлірек айтқанда, мейіргер ісі мамандарын дайындау бойынша және бакалавр мен магистратураның қос дипломды қазақ-фин үлгісін енгізу болып табылады.
Сонымен қатар, медициналық сала мамандарын бірыңғай есепке алу мақсатында мамандарға деген ағымдық қажеттілікті анықтап қана қоймай, сондай-ақ, ұзақ мерзімді келешегін болжау үшін денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби тіркелімін жасау жоспарлануда.
Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде үй шаруашылықтарының медициналық қызмет үшін жеке төлемдерінің үлесін азайту, медициналық көмек пакетінің нақты құрамын анықтау, алғашқы бөлім өсімі бойынша стационарлы қызметтің шектен тыс қолданысын қысқарту, халықты алдын-алу шаралары мен сырқаттың бастапқы белгілерін анықтауға тарту нәтижелері күтілуде.
Бұдан бұрын Дүниежүзілік Банктің қолдауымен МӘМС–ті енгізуде негізгі қадамдар жасалғанын, жан басы көрсеткішін ынталандырушы КШТ (клиникалық шығын топтары) негізінде төлем тәсілдері, медициналық ұйымдардың ұлттық аккредиттеуі, СБЖ бойынша пилоттық жоба, мейіргер ісі саласында қолданбалы бакалавриат, мамандардың білімі мен біліктілігін тәуелсіз сараптау енгізілгенін, электронды денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы іске асырыла бастағанын айта кету керек.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасы ресми түрде іске қосылған соң, Дүниежүзілік банктің денсаулық сақтау саласы бойынша жетекші мамандарының, олардың қатарында Томас Боссерт (Гарвард Университеті, АҚШ), Рикардо Битран (Бостон Университеті, АҚШ), Тихомир Штрицреп (Загреб Университеті, Хорватия), Сомил Нагпал (Эмити Университеті, Үндістан) қатысуымен бескүндік флагмандық курстың басталуы жоспарланған.
Анықтама: 2016 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Републикасы Президентінің № 358 Жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 12 қазанынан бастап («Қарыз туралы келісімге қол қою туралы (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ҚР Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасында») Қазақстан Републикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісімге қол қойылды (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы). Қарыз сомасы – 80 млн. АҚШ. долл. Ортақ қаржыландыру сомасы ҚР – 10 млн. АҚШ.долл. Қарыз санаты – институционалды. Өтеу мерзімі – 15 жыл, соның ішінде 5-жылдық жеңілдікті кезең. Өтеу мерзімінің күні –2021 жылдың 30 маусымы.