Астанада сарапшылар аймақтағы АИТВ-жұқпасымен байланысты ахуалды жақсарту әрі еңбек мигранттары үшін оның алдын алу, күту әрі емдеу жөніндегі ақпаратқа және қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Астанада сарапшылар аймақтағы АИТВ-жұқпасымен байланысты ахуалды жақсарту әрі еңбек мигранттары үшін оның алдын алу, күту әрі емдеу жөніндегі ақпаратқа және қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Іс-шараны Орталық Азия мен Ресей Федерациясының үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдары, сонымен қатар, БҰҰ–ың халықаралық сарапшы–мамандары Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің қолдау көрсетуімен, БҰҰ–ың АИТВ/ЖИТС жөнінен біріккен бағдарламасымен (ЮНЭЙДС) ынтымақтаса отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) ұйымдастырды.      

Астанадағы АИТВ пен миграция жөніндегі техникалық семинар мигранттардың айтарлықтай бөлігі олардан келетін Орталық Азияның үш елі, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан; мигранттар келетін тағы бір ел Түрікменстан; негізінен Орталық Азиядан келетін мигранттарды басты қабылдаушы ел деп саналатын екі ел, Ресей мен Қазақстанның үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және аймақтық деңгейдегі мүдделі серіктестердің, соның ішінде үкіметаралық, екі жақты әрі көп жақты ұйымдар өкілдерінің, сонымен бірге жекелеген мамандардың қатысуымен  өткізілетін диалогқа арналған  тұғырнаманы қамтамасыз етеді.

Жиынға қатысушылар әр түрлі елдерде қолданылып отырған орнықты саясат пен тиімді стратегияларды қамтамасыз етумен байланысты халықаралық стандартармен танысты, озат іс-тәжірибелері мен оларды қолдану мүмкіндіктерін зерттеді, еңбек мигранттары арасындағы АИТВ  індетімен тиімді күресудің көкейкесті басымдықтарын талқылады әрі  оларды өзара үйлестіруге қол жеткізді.   

«Әлемде АИТВ-жұқпасымен аурушаңдық деңгейі негізінен тұрақталып отыр. Тіпті көрсеткіштер өте жоғарғы болса да олар өспейді. Алайда, Орталық Азия мен Шығыс Еуропада АИТВ- жұқпасының деңгейінің өсуі өрістеп барады. Бұл бүкіл әлемді алаңдатады. АИТВ нашақорлар мен секс индустриясының қызметкерлері тәрізді шетқақпай топтардың ғана мәселесі емес. АИТВ жұқпасы әлдеқайда таяу. Ол барлық жерде. Ол таралып барады. Бұл вирусты тоқтату керек. Соның ішінде Орталық Азияда», - деп өз алаңдаушылығын білдірді Қазақстан Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коп мырза.

Сонымен қатар, елші аталған техникалық жиынның ұсыныстарын талқылау үшін АИТВ/ЖИТС жөнінен биыл өткізілетін халықаралық конференцияларда талқылауға ұсынылатынын атап өтті: Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ЖИТС жөніндегі VI Халықаралық конференция (2018 ж. сәуір, Мәскеу, Ресей, http://www.eecaac2018.org/) және ЖИТС жөніндегі 22-і Халықаралық конференция (2018 ж. шілде, Амстердам, Нидерланды, http://www.aids2018.org/). 

 Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша ЮНФПА –ың аймақтық директоры А.Армитаж ханым, өз кезегінде, келесіні мәлімдеді: «Шығыс Еуропа мен Орталық Азия – АИТВ індеті өсе түсіп отырған әлемдегі жалғыз аймақтар болып табылады. 2010 және 2017 жылдар аралығындағы кезеңде АИТВ–ны жаңадан жұқтыру жайттарының саны жыл сайын тұрақты түрде 10% өсіп отырған. Өзбекстан мен Тәжікстанда жүргізілген таяудағы эпидемиологиялық қадағалау деректері еңбек миграциясынан оралған адамдар арасында АИТВ –ның таралғандығы жалпы тұрғын халық арасындағыға қарағанда 2-4 еседей көбірек екенін көрсетті. Орталық Азиядан келген ішкі және халықаралық еңбек мигранттары АИТВ- жұқпасының алдын алу, күту әрі емдеу жөніндегі толық ақпарат пен ақылға қонымды, яғни қолайлы қызметтерге қол жеткізе алуда үлкен қиыншылықтарға тап болуда». 

АИТВ–ға ұшыраған  ішкі мигранттардың өздерінің уақытша тұрғылықты жерлерінде антиретровирустық терапияға қол жеткізе алмауының көптеген жайттары белгілі болып отыр. Кей мигранттарды қабылдаушы елдердің заңнамасында АИТВ –ға ұшыраған шетел азаматтарын елден күштеу арқылы, еріксіз түрде кетіру алдын ала қарастырылған. Мигрант–еңбеккерлер едәуір жайттарда алалау мен  кемсітушілікке ұшырап отырады.

АИТВ –ың алдын алу мен емдеудің қолжетімді болуы Орталық Азия елдері үшін АИТВ індетін жоюдың кілті болып табылатынын сарапшы – мамандар бірауыздан атап өтуде.