Министрдің бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Бизнес (кәсіпкерлік) кеңесі құрылды

Министрдің бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Бизнес (кәсіпкерлік) кеңесі құрылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен денсаулық сақтаудағы қайта реттеу, бизнес үшін кедергілерді азайту және жеке секторды дамытудың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік органның Бизнес кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде жоғарыда көрсетілген мәселелердің 2017 жылғы атқарылған жұмысының қорытындысы мен 2018-2019 жылдарға арналған түйін перспективалары таныстырылды, атап айтқанда лицензиялаудың тәртібін оңайлату,  мемлекеттік және жеке секторлар үшін тең жағдай жасау және өзін-өзі реттеуді дамыту.

Талқылау барысында ҚР ДСМ Бизнес кеңесінің қатысушылары бірқатар ұсыныстар берді, мысалы: аймақтарда ҚР ДСМ Бизнес кеңесіне ұқсас Бизнес кеңестер құру, медициналық қызметтердің тарифін қалыптастыру және басқа да мәселелер ҚР ДСМ-нің жол карталары жобаларының аясында пысықталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қайта реттеу және мемлекеттік – жекешелік әріптестікті дамыту бағыттары бойынша денсаулық сақтау дамыту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау  министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы №54 бұйрығымен Денсаулық сақтау министрлігінің Бизнес кеңесі құрылды. Оның құрамына ірі медициналық қауымдастықтардың басшылары мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар кірді.